Жаңалықтар
ХАБАРЛАНДЫРУ
- Толығырақ
- Жарияланды 26 Желтоқсан 2013
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 392 «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қаулысына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап электр энергиясына босату бағасын 5%-ға көтерді. Сондай-ақ, электр энергиясын тарату мен беру бойынша қызмет құны орташа 6%-ға көтерілді. Бұдан басқа технологияға қатысты қызметтерге (диспетчерлендіру, реттеу, электр энергиясы нарығын теңгеру) баға 41%.-ға көтерілді.
Осыған байланысты «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясын тұтынушыларға 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап электр энергиясына тарифтің 6,8%-ға өзгеретіні туралы хабарлайды. Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағы тұтынушыларына келесі тарифтер енгізіледі:
Электр энергиясын көлеміне қарай пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін дифференциалды тарифтер (12%-ҚҚС есептегенде)
- бірінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ. 14,36 теңге
- екінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ. 19,44 теңге
- үшінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ 24,32 теңге
Тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф, (12%-ҚҚС есептегенде)
екі зоналы есептеу жүйесі бойынша:
- күндізгі тариф (с 7-00 до 23-00) – 1 кВтсағ үшін 20,78 теңге
- түнгі тариф (с 23-00 до 7-00) – 1 кВтсағ үшін 4,57 теңге
үш зоналы есептеу жүйесі бойынша:
- күндізгі тариф (7-00-ден 19-00-ге дейін) – 1 кВтсағ үшін 16,21 теңге
- ең жоғарғы деңгейдегі тариф (19-00-ден 23-00-ге дейін) – 1 кВтсағ үшін 33,95 теңге
- түнгі тариф (23-00-ден 07-00-ге дейін) – 1 кВтсағ үшін 4,57 теңге
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Әкімшілігі
