БАҚ біз туралы
Жарық таратушы жерлестеріміз жеңімпаз атанды
Июнь 2020
http://almaty-akshamy.kz/e-nergetikter-sajy-s-a-t-sti/
https://www.youtube.com/watch?v=EIdsLr76kOI&feature=youtu.be
http://zgazeta.kz/zhary-taratushy-zherlesterimiz-zhe-impaz-atandy/ерлестеріміз жеңімпаз атанды
Главная » Новости » Общество » Жарық таратушы жерлестеріміз жеңімпаз атанды
Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізді, қоғамдағы қалыпты өмірімізді жарық көзі арқылы қалыптастырамыз десек, артық айтқандық емес. Қарапайым мысал ретінде бүгінгі таңдағы барлық өнеркәсіп орталарына, ауылшаруашылығына, тіпті, күнделікті өмірімізге электр энергиясы аса қажет екенін айтуға болады. Алайда, оның жақсы жақтарын жіпке тізіп айта бермес бұрын қауіптілігін де ескерген жөн. Осылардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында осы уақытқа дейін көпшілікке тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жыл сайын дәстүрлі түрде жарыс ұйымдастыруды қолға алған. Міне, өткен аптада аталмыш тоқ қуатын тарататын бірлестік тағы да 100-ден аса қызметкерлердің басын қосып, кезекті сайыс өткізген болатын. Алматы облысына қарасты 17 бригадалық құрама командалар қатысқан іс-шара бұл жолы Қаскелең қаласында орналасқан аудандық электр желісіндегі оқу-жаттығу алаңында ұйымдастырылды. Басты мақсаты осы салада аянбай тер төгіп жүрген азаматтардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін одан әрі арттыру болып табылады. Ал, бұл жолғы жарыс бағдарламасы жедел жөндеу қызметкерлер құрамының кәсіби сынға түсуі және 6-10/0,4 кв электр қуатын жеткізу желілері аясында өткізілді.
Облыстық турнирдің ашылу салтанатында алдымен «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның басшысы Мұхит Үмбетов сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға күш-қуат, мол табыс және жарыста сәттілік тіледі. Басқарма басшысының осындай ізі тілегінен кейін аудан әкімі Жандарбек Далабаев сөз алып, Алматы қаласы мен облыс аумағын жарық көзімен қамтамасыз етіп отырған компанияға алғысын жеткізіп, командаларға осы жарыс арқылы шеберліктері одан әрі шыңдала берсін, деген ниетін білдірді.
Біліктілікті арттыруға негізделген сайыс 12-14 маусым аралығында өткізілді. Әр өңірден келген командалардың кәсіби шеберліктері бес деңгей арқылы сыналып, осы саладағы жинаған тәжірибелері мен білімдері жан-жақты сарапталды.
3 күнге созылған жарыстың нәтижесі бойынша Қарасай аудандық электр торабының атынан шыққан команда алтыннан алқа тақса, Алматы қаласы Наурызбай ауданының үшінші электр торап аумағы күміс жүлдеге ие болды. Ал, қола жүлде Талғар ауданынан келген команданың қанжығасына бұйырды. Өз кезегінде аталмыш компанияның басшысы Мұхит Әбікенұлы жарыстың соңғы күні, яғни, құттықтау рәсімінде шараның маңыздылығын айтып, жеңімпаздарды марапаттап, қаржылай сый-сияпаттарын табыстады.
– Республика көлемендегі ауқымды жарыс алдағы уақытта Маңғыстау облысында өтетін болады. Әрине, осы турнир аясында жеңіс тұғырынан көрінген Қарасай аудандық электр торабы «Алатау Жарық компаниясы» АҚ атынан сайысқа түсіп, намысымызды қорғайтын болады. Шеберліктері шыңдалған азаматтарға тек сәттілік тілеймін! – деді компания басшысы М.Үмбетов.
Ауданның түкпір-түкпірінен келген командалар жарыс нәтижесі бойынша осылай олжалы болып жатса, «Үздік төреші», «Үздік электромонтер» «Үздік шебер», «Ең жас және ардагер қатысушы» дәрежелеріне ие болған мамандар да бағалы сыйлықтарға қол жеткізді. Одан бөлек, жеңімпаз командаларды марапаттау рәсімінің соңында турнир уақытынан тыс спорттық және ұлттық ойындар бойынша бақ сынасқан командалардың бірқатар азаматтары жеңімпаз ретінде марапатталып, сый-құрметке ие болды.
Жарық пен жылу таратушылардың біліктіліктері бағаланып, мамандардың тәжірибелері алмасатын осындай іс-шаралардың маңызы қашанда жоғары деп білеміз. Ал, мұндай жарыстардың қажеттілігін дәріптейтін «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның ұжымына ыдырамайтын ырысты ынтымақ, жемісті жетістіктердің көптігін тілейміз! Сондай-ақ, жүлделі 1-орынға ие болған жерлестеріміз – қарасайлық команданың жұмыстарына табыс тілеп, республика деңгейінде өтетін жарыста биіктен көрінуіне тілектеспіз!
Дидар МУХАМАДИЕВ.
http://karasayinfo.kz/zhary-taratushylar-syn-a-t-sti/
ЖАРЫҚ ТАРАТУШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ
Ең ірі электр қуатын тарататын «Алатау Жарық компаниясы» АҚ қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдайтын жарыс өткізіп жатыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізді, қоғамдағы қалыпты өмірімізді жарық көзі арқылы қалыптастырамыз десек артық айтқандық емес. Қарапайым мысал ретінде бүгінгі таңдағы барлық өнеркәсіп орталарына, ауылшаруашылығына, тіпті, күнделікті өмірімізге электр энергиясы аса қажет екенін айтуға болады. Алайда, оның жақсы жақтарын жіпке тізіп айта бермес бұрын оның қауіптілігін де ескерген жөн. Осылардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында осы уақытқа дейін көпшілікке тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жыл сайын дәстүрлі түрде жарыс ұйымдастыруды қолға алған. Міне, бүгін аталмыш тоқ қуатын таратын бірлестік тағы да 100-ден аса қызметкерлердің басын қосып, кезекті сайыс өткізіп жатыр. Алматы облысына қарасты 17 бригадалық құрама командалар қатысып жатқан іс-шара бұл жолы Қаскелең қаласында орналасқан аудандық электр желісіндегі оқу жаттығу алаңында ұйымдастырылды. Басты мақсаты осы салада аянбай тер төгіп жүрген азаматтардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін одан әрі арттыру болып табылады .
Бүгінгі облыстық турнирдің ашылу салтанатында алдымен «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның басшысы Мұхит Әбікенұлы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға күш-қуат, мол табыс және жарысқа сәттілік тіледі. Өз кезегінде аудан әкімі Жандарбек Далабаев алып Алматы қаласы мен облыс аумағын жарық көзімен қамтамасыз етіп, қызмет көрсетіп отырған компанияға алғысын жеткізіп, барша командаларға осы жарыс арқыты шеберліктері одан әрі арта берсін деген ниетін білдірді.
Біліктілікті арттыруға негізделген сайыс 12-14 маусым аралығында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Әр өңірден келген командалардың кәсіби шеберліктері бес деңгей арқылы сыналып, осы саладағы жинаған тәжірибелері мен білімдері жан-жақты сарапталатын болады.
http://karasayinfo.kz/zhary-taratushylardy-zharysy-z-m-resine-zhetti-video/
ЖАРЫҚ ТАРАТУШЫЛАРДЫҢ ЖАРЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ (Видео)
Барлық өнеркәсіп орталарына, ауылшаруашылығына, тіпті, күнделікті өмірімізге электр энергиясы аса қажет екенін айтпасақта белгілі. Алайда, оның жақсы жақтарын жіпке тізіп айта бермес бұрын оның қауіптілігін де ескерген жөн. Осылардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында осы уақытқа дейін көпшілікке тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жыл сайын дәстүрлі түрде жарыс ұйымдастыруды қолға алған. Аталмыш тоқ қуатын таратын бірлестік өткен аптада тағы да 100-ден аса қызметкерлердің басын қосып, кезекті сайыс өткізді. Алматы облысына қарасты 17 бригадалық құрама командалар қатысып жатқан іс-шара бұл жолы Қаскелең қаласында орналасқан аудандық электр желісіндегі оқу жаттығу алаңында ұйымдастырылды. Басты мақсаты осы салада аянбай тер төгіп жүрген азаматтардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін одан әрі арттыру болып табылады. Ал, бұл жолғы жарыс бағдарламасы жедел жөндеу қызметкерлер құрамының кәсіби бақталасуы және 6-10/0,4 кв электр қуатын жеткізу желілері аясында өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатында алдымен «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ның басшысы Мұхит Әбікенұлы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға күш-қуат және жарысқа сәттілік тіледі. Басқарма басшысының осындай ізгі тілегінен кейін аудан әкімі Жандарбек Далабаев Алматы қаласы мен облыс аумағын жарық көзімен қамтамасыз етіп отырған компанияға алғысын жеткізіп, ықыласын да білдірді.
Әр өңірден келген командалардың кәсіби шеберліктері 5 деңгей арқылы сыналып, осы саладағы жинаған тәжірибелері мен білімдері жан-жақты сарапталды. 3 күнге созылған жарыстың нәтижесі бойынша Қарасай аудандық электр торабының атынан шыққан команда алтыннан алқа тақса, Алматылық Наурызбай ауданының үшінші электр торап аумағы күміс жүлдеге ие болды. Ал, қола жүлде Талғар ауданынан келген команданың қанжығасына бұйырды. Өз кезегінде аталмыш компанияның басшысы Мұхит Әбікен ұлы шараның маңыздылығын айтып, жарыс жеңімпаздарын құттықтады.
Ал, жеңіс тұғырынан көрінген қарасайлық командалар сайыстың жоғары деңгейде өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын да жеткізіп жатты.
Ауданның түкпір-түкпірінен келген командалар жарыс нәтижесі бойынша осылай олжалы болып жатса, «Үздік төреші», «Үздік электромантер» «Үздік шебер», «ең жас және ардегер қатысушы» дәрежелеріне ие болған мамандар бағалы сыйлықтарға қол жеткізді. Сонымен қатар, турнир уақытынан бөлек спорттық және ұлттық ойындар бойынша бақ сынасқан командалардың бірқатар азаматтары жеңімпаз ретінде марапатталып, сый-құрметке ие болды.
Июль 2020
https://www.youtube.com/watch?v=E0TwWUUIFyk&feature=youtu.be
Сентябрь 2020
http://almaty-akshamy.kz/e-lektr-togy-nan-abaj-boly-y-z/
Октябрь 2020
http://almaty-akshamy.kz/k-sibi-mamandardy-k-siptik-zhary-sy/
Декабрь
Сарапшылар сандырақтай ма? Алматыны жарықпен қамту проблемасына басшылық жауап берді
https://azattyq-ruhy.kz/society/2198-sarapashylar-sandyraktaidy-ma-almatyny-zharykpen-kamtu-problemasyna-basshylyk-zhauap-berdi
Azattyq Rýhy
06.12.2019, 16:56
Сарапшылар Алматыдағы электр желісінің тозғанын айтып, дабыл қақты
Тoday.kz ақпарат порталының жазуынша қаладағы электер желілерінің істен шығу ықтималдығы жоғары. Кеңес заманына бері ауыстырылмай, тозығы жеткен желілердің үлесі 65,5% жеткен. Тәуелсіз энергетиктер әуемен тартылған 6 мың шақырым және 750 шақырым кабельдік желілер соңғы 40 жылда жаңартылған жоқ, деген пікірде. Егер бұл салада жағдайды түбегейлі өзгертпесе, мегаполистің көптеген аудандары қараңғылық құшағында қалуы мүмкін. Тіпті шаһар бұл проблемалармен осы қыста бетпе-бет келуі кәдік. Azattyq Rýhy тілшісі аймақтық энергия таратушы компания басшысынан жоғарыда келтірілген деректерге қатысты түсінік беруін сұраған.
Арандатушы кім?
Белгиялық инвестор «Трактабель» компаниясынан мұраға қалған қалалық электр жүйесінде ескі кабельдердің ұзындығы 2,5 мың шақырым. Компания өкілдері тозығы жеткен желілер 65,5% емес 40%-дан аспайтынын алдыға тартады.
«Әрине салада проблема бар. Қазір ескірген желілер 40 пайыз деп отырмыз. Бұның өзі де аз емес, бірақ аталған бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. АЖК 2003-2018 жыл аралығында 38 қосалқы электр станциясын жөндеуден өткізді. Оның ішінде 22 электр бекеті жаңадан салынды. Бұл бағытқа 120 млрд. теңге жұмсалды. Жоғарыдағы мақалада келтірліген деректер шындыққа сай келмейді. Алматыда ауыстыруды қажет ететін кабельдер мен әуе арқылы тартылған электр өткізгіштердің ұзындығы 6 мың шақырым емес, шамамен 2,5 мың шақырым. Біз бұл желілерді мүмкіндігімізге қарай аусытырып жатырмыз»,- дейді «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Есберген Әбитаев.
АЖК басшысына сенсек, энергияны тасымалдау барысында жоғалатын электр қуаттың көлемі 2002 жылы қалада 28% болса, қазір ол 13 %-ға төмендеген. Бесжылдық шектік тариф 2015 жылдан бері өзгермеген. Оның құны 5,63 теңге болып келді. Бірақ компания 2020 жылдан бастап тарифті 5,95 теңгеге көтеруді жоспарлап отыр.
«Тәуелсіз сарапшылар айтып жүрген ауқымды апаттардың болуы мүмкін емес. Қала қара түнекке айналады деген ақпарат меніңше арандату. Себебі біз қайта жаңғыртылған станциялар есебінен электр энергиясымен шаһарды толық қамтамасыз ете аламыз. Ал Алматыға жақын орналасқан аудандарды қаланы айналдыра жасалған 220 кВолттық кернеудегі жүйе қамтып отыр. Жақында «Көкөзек» қосалқы станциясы(құны 1 млрд теңге) іске қосылса, қалаға іргелес салынып жатқа индустриялдық аймақтағы кәсіпорындарды үздіксіз электр энергиясымен жабдықтауға мүмкіндік туады»,- дейді Алатау жарық компаниясының өкілдері.
Жарық жүйесін жаңартуға қанша қаражат керек?
Кәсіпорын басшылары Алматы қаласы үшін желілерді жаңартуға республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмайтынын айтады. Шаһарда қуаттылығы жоғары қосалқы станцияларды жаңғырту үшін 33,8 млрд теңге қаражат қажет. Бұл қаржы «Отырар», «Медеу», «Алатау», «РЭС-1», «РЭС-6» сияқты бірнеше электр торабын күшейтуге мүмкіндік берер еді. Компания бұл мәселені тұтынушы есебінен шешуге мүдделі емес. Сондықтан соңғы бес жылда тарифті көтеруге тапсырыс бермеген. Керісінше электр тасымалдау жүйесінде тариф 8 пайызға дейін төмендетілген.
Елде энергетика саласын дамытудың нақты жоспары
Ал Петр Своик Жоғарыда келтірілген деректердің шынайылығын білу үшін тәуелсіз техникалық сараптамалар жүргізу керегін айтады. Сарапшы ҚР Энергетика министрлігі бұл шараны қанша жылдан бері қолға алмай отырғанын, салалық министрлікте елдегі энергетика саласын дамытудың нақты жоспары жоғын алға тартты.
«Бұл салада екі проблема бар. Біріншіден желілердің тозуы, екіншіден мамандардың сапасыздығы. Әркімнің өз шындығы бар демекші, энергетикалық компаниялар өздеріне қолайлы сандарды айта беруі мүмкін. Ондай мәліметтерге сенуге де, сенбеуге де болады. Себебі оны тексеруге министрлік құлықсыз. Заңнама бойынша тәуелсіз техникалық сараптамалар жүргізу қарастырылмаған. Жекелеген жобаларға қаражат бөлінеді, әркім өз шама шарқына қарай, оны игеріп, жөндеу жұмыстаны жүргізеді. Бірақ соңғы жылдары Алматыда «АЖК» көптеген қосалқы станцияларды жөнге келтірді. Шаһарда энергия тапшылығы байқалмайды. Бірақ тозығы жеткен желілерді жаңартуға қаражат аямау керек деп санаймын»,- дейді Петр Своик.
Деректер: Аймақтағы энергия таратушы компанияның тарихы 1928 жылы Алматы қаласында әрқайсысы 170 кВт қуатты үш генераторы бар бірінші дизелдік электр станциясы іске қосылғаннан бастау алады. Кәсіпорынды 1996 жылдың тамыз айында «атышулы» «Трактебель C.A.»(Бельгия) компаниясы жекешлендірді. Ал 2001 жылы энергокомпанияның 100% акциясы Алматы қаласының әкімдігіне өтті. Тек 2009 жылдың 14 шілдесінде «КазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Аалатау Жарық Компаниясы» АҚ-ы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамына кіріп, энергетика тасымалдау саласын өз қолына алды. Кәсіпорын 2019 жылды 2,8 млрд теңге таза табыспен аяқтамақшы.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы
https://time.kz/news/economics/2019/12/20/besperebojnaya-rabota
https://almaty.tv/news/ekonomika/1338-novuyu-sistemu-dlya-res-vnedrili-v-almaty
https://almaty.tv/kz/news/obschestvo/1307-v-almaty-otmetili-den-energetika
https://egemen.kz/article/216561-almaty-dgaryqtan-taryqpaydy
2020
http://almaty-akshamy.kz/megapolis-ma-y-nda-y-audandar-e-lektr-e-nergiyasy-men-amtamasy-z-etiledi/
https://24.kz/ru/news/social/item/368614-podstantsiyu-kaskelen-zapustili-v-almatinskoj-oblasti
https://www.zakon.kz/5003189-novaya-podstantsiya-zarabotala-v-sele.html
https://liter.kz/v-almatinskoj-oblasti-zapustili-podstancziyu-kaskelen/
https://www.dknews.kz/inner-news.php?id_cat=14%20&&%20id=51396
АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЖАНКЕШТІ ЕРЛІГІ МЕН ЕҢБЕГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
07.05.2019
Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мекемесі энергетика саласына сүбелі үлес қосқан ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің басын қосып, қаладағы мейрамханалардың бірінде дастархан жайды.
Мәншүк БЕКБОСЫН
Мерекелік жиынға 26-дан аса арда¬герлер мен тыл еңбеккерлері шақы¬рылды. Шара майдангерлердің ерлігі жайлы бейнефильм көрсетуден бастал¬ды. Айтулы шара барысында сөз алған Басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмай¬тынын айтты. Сонымен қатар, бүгінгі тәуелсіздігіміздің беріктігі, еңсеміздің биіктігі осынау мерекенің жемісі екендігіне тоқталды.
Бүгінде қатарлары сиреп қалған соғыс ардагерлеріне қандай сый-құрмет көрсетілсе де артық емес. Олардың алдында бас ию, ерлікке тағзым ету – бүгінгі қауымның, әсіресе, жас ұрпақ¬тың ең қастерлі борышы. Бұл ретте Жастар жылы аясында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мекемесі жанынан құрылған Жастар клубының мүшелері соғыс және тыл еңбеккерлеріне лайық¬ты құрмет көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты.
Құттықтауды қабыл алған арда¬герлердің ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсен ата да бар. Қостанай облысының тумасы Қамбар Әмірұлы 1942 жылы 17 жасында әскерге шақырылыпты. Калинин облы¬сын, Белоруссия, Латвия, Литва, Поль¬шаны жаудан азат еткен ол соғыстан соң полковник атанады. Қазақстан ІІМ мемлекеттік күзет қызметі басты¬ғының орынбасары болды. Қамбар Әмірұлы отанға сіңірген адал еңбегі үшін көптеген үкіметтік марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «КСРО милициясының үздігі» алтын белгісі, Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендері, ІІ және ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендері, «Қызыл жұлдыз» ордені марапаттарына ие.
– «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әрдайым назардан тыс қалдырмай, құрметтеп жүретініне дән ризамын. Үлкендерге ізет көрсете білетін азамат¬тар көп болсын. Еліміз тыныш, Қазақ¬станымыз қарыштап дами берсін деп тілеймін, – дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсен.
Шара барысында Отан қорғап, өшпес ерлік көрсеткен қарт майдан¬герлерге компания ұжымы сый-сияпат жасап, материалдық көмек көрсетті.
«DOІNGBUSІNESS» БАНК РЕЙТИНГІСІНЕ ҚАТЫСАДЫ
27.04.2019
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бизнесті жүргізу жағдайын жақсарту және мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына енуі жолындағы бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының атынан «электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша Дүниежүзілік «DoіngBusіness» банк рейтингісіне қатысады.
Осыған орай, компанияда жаңа ақпа¬рат¬тық жүйе енгізілді, ол техникалық бағдарды ұсыну жөніндегі қызметті интернет-портал (www.azhk.kz) арқылы көрсетуге мүмкіндік береді.
Басқарманың 2019 жылғы 9 сәуірдегі №5 Шешімімен тұтынушылардың электр құрылғыларын «АЖК» АҚ электр желі¬леріне қосудың жаңа Регламенті дайын¬далып, бекітілді. Бұл қосу процедурасын едәуір жеңілдетуге, тұтынушы мен «АЖК» АҚ мамандары арасындағы қарым-қатынасты (адам факторы) 7 кезеңнен 3 кезеңге дейін шегеруге мүмкіндік береді:
1. Техникалық бағдарды алу;
2. Қабылдау-өткізу сынақтарына қатысу;
3. Электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу.
Тұтынушылар тарапынан өткізілетін құжаттар саны да азайтылды. Егер бұған дейін тұтынушы электрлі құрылғыға қосы¬лу үшін 10-нан астам құжат өткізсе, бүгін¬де екі құжат қана өткізеді. Олар: техни¬калық бағдар көшірмесі мен электрмен қамтамасыз ету жобасының көшірмесі.
Техникалық бағдарды алудан бастап, электрмен қамтамасыз етуге қосылуға дейінгі нақты қадамдар түсіндірілген «Тұтынушыларға арналған ақпаратпен» сіздер компания сайтынан, сондай-ақ, қала мен облыстағы әрбір «АЖҚ» АҚ қарас¬ты мекемелердегі ақпараттық таблодан таныса аласыздар.
ШЫМБҰЛАҚТЫҢ «ШЫРАҚШЫСЫ»
Жанкешті кәсіп саласында 30 жыл қызмет еткен Айсұлу ӘДІЛХАНОВА
Мәншүк БЕКБОСЫН
Қарапайым еңбегімен күн сайын қоғам тынысына игілік дарытып жүретін, онысы әсте көзге түсіп, көпшілік көңіліне елене бермейтін мамандық иелері болады. Мәселен, энергетика саласы. Бұл – кез-келгеннің азуы бата бермейтін бірден-бір қызмет. Ал бұл салада әйел адамның еңбек етуі, тіптен, ерлікпен пара-пар. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында энергетика саласында қызмет ететін нәзік жанды әйел жайында әңгіме өрбітпекпіз. Ол – жарық сөнген кезде ғана еске алатын қаделі мамандықтың қадірін асырып жүрген жанның бірі – Айсұлу Өксікбайқызы.
ЖАРЫҚ СӨНГЕН КЕЗДЕ ҒАНА ЕСКЕ АЛАТЫН МАМАНДЫҚ
Энергетика саласы – уақытпен санаспайтын, асқан жауапкершілікті талап ететін, жүгі ауыр қызмет. Дегенмен, осы саланың жұмысын үздіксіз 30 жыл ұршықтай иіріп келе жатқан Айсұлу Әділханова «Алатау Жарық» компаниясына қарайтын «Медеу – 54 А» подстансасының кезекші электромонтері болып жұмыс істейді. Оның міндетіне жарықты тұрақты беру, апаттық ажыратуларды болдырмау, электр тораптары мен жабдығындағы ақауларды дер кезінде диспетчерге хабарлау кіреді.
– Біздің подстанса «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» курортты базасы және «Самал» ықшамауданына дейінгі аумақты жарықпен қамтамасыз етеді. Бұл тыңғылықтылық пен тәртіпті қажет ететін жауапты жұмыс. Күндіз-түні осы аумақтағы электр энергиясының үзілмеуін қадағалаймыз. Апат болған жағдайда шұғыл диспетчерге хабарлап, елеулі мәселелерді шешуге дайын тұрамыз, – деп бастады әңгімесін біздің кейіпкер.
Айсұлу Өксікбайқызы бұл салада 1989 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алматы қаласының тумасы болғанымен, тұрмыс құрып, еңбек жолын Қостанайдағы «Қостанай Энерго орталығында» бақылаушы (жарық тексеретін маман) болып бастайды. Кейіннен есептеуіш құралын ауыстыратын монтер болып қызмет етеді. 2005 жылдың қараша айында Алматыға ауысып келеді. Жалпы, энергетика қызметінің қатарына түскен соң, бұл қызмет оның тағдыры екендігін түсінеді. Сосын ғұмыр бойы осы салада нәпақасын тауып, тұрақтап қалатынын сезген ол, мамандық ауыстыру немесе өзге кәсіп іздеу ойына кіріп-шықпағанын айтады.
Оның айтуынша, бүгінде толыққанды тұрмыс-тіршілік пен кәсіпорын-мекемелердің қалыпты қызметін жарықсыз елестету мүмкін емес. Тіпті, тәулікті қойып, оның бірер сағат болмай қалуының өзі «оқыс оқиға» саналады, төтенше жағдай ретінде қабылданады екен.
– «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортты – біздің ұлттық мақтанышымыз. Алматыға өзге қалаларға қарағанда, туристер көп келетіні белгілі. Тау бөктерінде орналасқан, әлемдік деңгейдегі курортқа түрлі мемлекеттердің саяхатшылары келеді. Бұл жерде электр жарығы үздіксіз беріліп тұру керек, – дейді Айсұлу ханым.
Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын біздің кейіпкер оның бұл подстансаны бір күнге тұрмақ, жарты күнге тастап кетуге болмайтынын айтады. Өйткені, бір жерде ток қысқа тұйықталып қалып, ал кезекші электромонтер орнында болмай қалса, қаншама адам зардап шегуі мүмкін екен.
– Қазіргі заманда адамның бір күнін, тіпті, бір сәтін электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Мәселен, дәл қазір жарық өшіп қалған жағдайда, ауруханада ота жасалып жатқан науқастың өміріне қауіп төнуі немесе кез-келген өндіріс орнында жұмыстың тоқтап қалуы бек мүмкін, – дейді ол.
Демек, энергетика жұмысының маңыздылығына баға жетпейді. Олардың еңбектерінің арқасында тұрғындардың үйлері жайлы да жарық, ұйымдар мен мекемелер қалыпты қызмет етеді, әрбір тұтынушыға қажетті жарық беріледі.
ЭЛЕКТР ҚУАТЫ – КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН КҮШ
Айсұлу ханымның жұмыс күні таңғы сегізде подстансадағы құрылғылардың жұмысын тексеріп, орталық диспетчерге хабарлаудан басталады.
– Ертең қандай киім киемін деген сұрақ мазаламайды мені. Өзімнің күнделікті формамды киемін, – деген Айсұлу апай, – біздің қызметте киімнің сұлуынан жылуына, ыңғайлылығына баса мән беріледі. Жүрдім-бардым қарауға болмайды. Сондықтан касканы да басымыздан тастамаймыз. Резеңке қолғап киюге де міндеттіміз. Егер таразыға әдемілік пен қауіпсіздікті қатар қойсақ, былғары қолғаптан гөрі резеңке қолғапты таңдаймын, – деп жылы күлді ол.
– Бұл салада қызмет ету өзіме ұнайды. Сондықтан болар, жұмысың көңіліне жақса, оның ауыртпалығын сезбейсің деп жатады. Менің бұл салада үздіксіз қызмет етуіме отбасымның, жолдасым және балаларымның жан-жақты қолдауларының, олардың менің қызметімнің уақытпен санаспайтындығына түсінушілікпен қарауының арқасы деп білемін, – дейді Айсұлу ханым.
Айта кету керек, Айсұлу Әділханованың жұбайы Сағат аға да энергетика саласының үздік маманы. Бүгінде олардың Алмат және Азамат есімді ұлдары ата-ана жолын қуып, «Алатау Жарық» компаниясында табысты еңбек етіп келеді.
Айсұлу ханымның айтуынша, электрик өмірінде екі-ақ рет қателесетін көрінеді. Бірі – мамандық таңдағанда, екіншісі – токқа түскенде екен.
– Электр қуаты – көзге көрінбейтін күш болғандықтан, бұл мамандық ерекше сақтықты қажет етеді. Ешбір оқу орны дайын электрик-энергетикті дайындай алмайды. Нағыз маманды уақыттың өзі қалыпастырады. Көнгендері – көнді, көнбегендері уақыт оздырмай басқа мамандыққа қарай ауысып кетіп жатады. Негізінен энергетика – кез-келген қоғамның, сол қоғамда қарыштап дамып отырған экономиканың алтын өзегі. Сондықтан бұл сала мақтанып-марқаюға тұрарлық кәсіп, – дейді ол.
Қай кезде де жұмыстың табысты, жүйелі болуы кадрларға байланысты болған. Қазір де солай. Электр жөндеушілерінің қызметі қоғамға аса қажет болғанымен, жұмысы ауыр. Бұл ретте Айсұлу Өксікбайқызының айтуынша, өз ісіне берілгендер болмаса, бұрын бұл салаға жастар көп келмейтін еді дейді. Ал қазір компанияда жұмыс істейтін жастардың қатары көбейіпті. Солардың ішінде түрлі ауыр қызметтерді асқан абыроймен атқарып жүрген қыз-келіншектер де аз емес көрінеді.
– Біздің әйелдік түйсігіміз, аналық сезіміміз барлық мәселенің бүге-шігесін көріп тұрады, – дейді ол.
Сонымен қатар, Айсұлу ханымның айтуынша, қазіргі кезде өндірістің барлық саласын қамтыған техникалық прогресс энергетиканы да айналып өткен жоқ. Сондықтан электрик мамандығы күн сайын ізденуді талап етеді. Өйткені, электр энергиясы саласында күн сайын неше түрлі өзгерістер болып жатыр. Қаланың шекарасы кеңейген сайын тұтыну көлемі де айтарлықтай артып келеді. Бұрын жарық жиі сөніп, техникалық жағдай сын көтермейтін еді. Қазір бәрі өзгерді. Материалдық база жаңа құрылғыларымен жаңғыртылып, жұмыс сапасы да арта түскен.
Қазақтың қыз-келіншектері ең күрделі кезеңдерде өмірлік үрдіске қатысудан тартынбаған. Бүгінде қызметтің қай саласын алсақ та, қыз-келіншектер мен әйелдер табылып жатады. Әйелдер қауымын әдемі келбет-мүсініне, биязы мінезіне, жадыраған жарқын жүзіне қарап нәзік жанды деп айтасың. Ал өмірде, еңбек жолында сол нәзік жандылар тепсе темір үзетін апталы ерлермен үзеңгілес болып, түрлі ауыр қызметтерді асқан абыроймен атқарып келеді. Ендеше, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында энергетика саласында қызмет атқарып жүрген Айсұлу Өксікбайқызына және барлық әйелдер қауымына амандық пен өркендеу, зор денсаулық пен отбасы бақытын тілейміз!
ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Елбасы Н.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған орай, Алматы қаласы мен облысының 2,5 миллионнан астам тұрғынын электрэнергиямен қамтамасыз етіп отырған «Алатау Жарық» компаниясы мекемесінде жастарға арналған орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Орталықтың ашылуына аталған мекеменің басшысы Мұхит Үмбетов ұйтқы болған. Жастардың еңбек жолында шыңдалуына мүмкіндіктер жасап, оларға жан-жақты қолдау көрсетуге ерекше мән беретін білікті басшы қазіргі жастар білімді, еңбекқор, талантты деп есептейді. Оның үстіне мекемедегі қызметкерлердің 75 пайызын жастар құрайды екен.
Бұл клуб мәдени, кәсіби дамыту бағыттары, сондай-ақ, әлеуметтік бағыт, саламатты өмір салтын, спортты дамыту бағыттарын қамтиды.
– Жастар барлық салада бар және олар өз саласының негізгі күші, ертеңгі тұтқаұстарлар. Бір қуанарлығы – жастар белсенді, ой-сана ауқымы кең және білімді. Олардың бойындағы буырқанған күш тек бір бағытқа – күнделікті жұмысты атқаруға ғана емес, елді, Отанды дамытуға үлес қосуға, жаңаша ойлап, заманауи бастамалар көтеруге де негізделуі тиіс, – дейді «Алатау Жарық» компаниясының басшысы Мұхит Үмбетов.
Сонымен қатар, мекемеде жас буын мен аға буынның тұрақты байланысын ұстап тұруға үлкен көңіл бөлінеді екен. Мекеме басшысының айтуынша, екі ұрпақ сабақтастығының байланысын нығайту, әсіресе, жастардың өміріне дұрыс бағыт-бағдар бермек.
– Мұның ар жағында қоғамдық сананың қалыптасуы, ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндеттер жатыр. Үлкендердің өмірлік тәжірибесі – жас мамандар үшін маңызды сабақ, – дейді ол.
Еліміздің болашағы – жастар. Қазір елімізде жастардың талантын шыңдауына барлық жағдай жасалған. Ал энергетика саласының маманы болу әркез жауапкершілікті, үлкен қажыр-қайрат пен біліктілікті талап етеді. Ендігі мақсат – өз салаңның кәсіби маманы атанып, мемлекет пен халық мүддесі үшін пайдалы қызмет ету.
Сонымен қатар, компания жастары жыл сайын өтетін әр түрлі респбуликалық сайыстарда мекеменің мәртебесін барынша асқақтатып, намысты қолдан бермей келетін көрінеді. Бұл ретте алдағы компания қызметкерлері арасында шахмат, дойбы сынды ойын түрлерінен жарыс өткізу жоспарда бар.
Гүлмира ҚОШАЕВА ,
Ақниет АМАНХАН.