Баспасөз баяны
Баспасөз баяны Күзгі-қысқы маусымға дайындық
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен облысының 2,5 млн астам тұрғынын жарықпен қамтып отырған, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге және ауыл шаруашылығы қожалықтарына электр қуатын жеткізумен және таратумен айналысатын республика оңтүстігіндегі ең ірі энергетикалық жүйе.
«Қыстың қамын жаз ойлаған» алматылық энергетиктер алдағы маусымға дайындық жұмыстарын күні бұрын бастап кеткен. Алдын-ала болжам бойынша 2016-2017 жж күзгі-қысқы маусымда (қазан-наурыз айлары аралығында) Алматыэнергожүйесінде электр қуатын тұтыну 1 450 МВт-ты құрайды. Бұл өткен кезеңмен, яғни 2015-2016 жылдармен салыстырғанда 11,1%-ға артық. Алып шаһар тұрғындары тұтынатын жарықтың көбі Алматы электр стансаларынан (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) алынады. Санмен сөйлетсек, бұлар 62 пайызын қамтиды. Ал, қалған 38 пайызын еліміздің өзге өңірлеріндегі, атап айтқанда Екібастұз, Жамбыл Мойнақ электр стансаларынан түседі.
Айта кетейік, «АЖК» АҚ нысандарын алдағы қысқа дайындау бойынша жөндеу жұмыстары жоспарға және бекітілген кестеге сай жүргізіліп, толық орындалды. Мәселен, 660,4 шақырым 0,4 кВ-тық және кернеуі одан да жоғары әуе және кабель желілері жөндеуден өтті. Сондай-ақ қуаты 35-220 кВ-тық 64 қосалқы станса, кернеуі 6-10/0,4 кВ-тық 63 трансформатор, кернеуі 35 кВ-тық және одан да жоғары 129 трансформатор, қуаты 6-10/0,4 кВ-тық 640 РП және ТП жөнделді.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның қысқы маусымға дайындығы туралы Төлқұжаты ҚР энергетика Министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде қаралып, дайындалу үстінде.
ҚР Энергетика министрлігі бекіткен «АЖК»АҚ-ның 2016 жылға арналған инвестициялық бағдарламасында Алматы қаласы бойынша 10 млрд. теңгеден астам қаржыны игеру қарастырылған.
2016-2017 жж күзгі-қысқы маусымға дайындық шаралары аясында әлі бірқатар шаруаларды бітіру қажет. Мәселен, қуаты 110 кВ-тық «Ерменсай-ҚазГУ» қосалқы стансаларының құрылысы бойынша 6,67 шақырым кабель желілері, Электр желілерін жаңғырту бойынша кернеуі 0,4 кВ-тық 202 шақырым әуе желілерін ауыстыру, қолданыстағы 66 дана ТП-ны жаңғырту немесе жаңалау қажет.
«АЖК» компаниясы биыл бірқатар жобаларды жүзеге асыруға білек сыбана кірісті. Негізгілеріне тоқталсақ, қуаты 110/10/6 кВ-тық «Түрксіб» қосалқы стансасының құрылысын 2017 жылдың екінші тоқсанына дейін бітіріп, пайдалануға беруді және «Алмалы» 150А-ҚС және жаңадан салынған «Медеу» және «Шымбұлақ» ҚС-дан қолданыстағы 6 кВ тораптарын 10 кВ кернеуге көшіріп, ЭКЕАЖ құру (жасау) жұмыстарын жоспарлап отыр.
Ерекше айта кету керек, мемлекет Басшысының, Үкіметтің, Алматы қ. әкімдігінің қолдауы арқасында республикалық бюджеттен 6,7 млрд. теңге сомаға, №131А «Горный гигант» 220/110/10 кВ-ҚС-ның жүктемесін №160А «Ерменсай» 220/110/10-10 кВ-ҚС-на көшіру» жобасы қаржыландырылатын болады.
Бұдан өзге, электр қуатын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізіп жатыр. Айта кетейік, бұл жоба 2013 жылы қолға алынған болатын. Электр қуатын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесіне бүгінде 130 мың тұтынушы қосылған. Жоба электр қуатын есептеудің нақтылығын арттырып, шығындарды төмендетуге, сондай-ақ есептеуіш құралдарындағы көрсеткіштерді жазатын бақылаушыларды қысқартуға мүмкіндік береді. Бастысы «АЖК» АҚ қызметкеріне электр тұтыну бойынша нақты мәлімет алуды қамтамасыз етеді.
Электр энергиясының шығындарын азайту – «АЖК» АҚ компаниясының басты міндеттерінің бірі. Былтыр аталған компания «2014-2019 жж арналған электр желілеріндегі энергия тиімділігі және қуат үнемдеу бағдарламасын» жасап, бекіткен болатын. Бүгінде бұл бағдарлама тиімділігін көрсетті. Мәселен, 2010 жылы электр қуатының шығындары 18,86%-ды құраса, 2015 жылы 14,3 %-ды көрсетті.
Қала күннен – күнге қарыштап дамып, ауқымы кеңеюде. Бүгінде «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Бұл электр қуатын қажет ететін мыңдаған жаңа пәтерлер деген сөз. Сондықтан ағымдағы жылы компания «Түрксіб» қосалқы стансасының құрылысын бастамақ. Әлеуметтік маңызы бар жоба нысандарды үздіксіз жарықпен қамтамасыз етуге септігін тигізбек.
Алматының батыс бөлігі де кеңейіп, Наурызбай ауданы құрылып, құрылысқарқынды жүріп жатыр. Соған байланысты жаңа құрылған аймақ тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың маусым айында «АЖК» АҚ компаниясының №3 аудандық электр торабы құрылды.
Қазіргі таңда алып шаһар 2017 жылы өтетін қысқы Универсиадаға дайындалып жатыр. Осы ретте де «АЖК» АҚ «Универсиада-2017» спорт және әлеуметтік-мәдени нысандарын үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуде бірқатар шараларды жүзеге асырмақшы.
«АЖК АҚ басшылығы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, шеберліктерін шыңдау, электр тарату желілерінде қызмет көрсету барысында жарақаттану деңгейін төмендетуге де жіті көңіл бөледі. Қызметкерлердің білім деңгейін көтеру мақсатында Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларына, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерге де оқытуға жіберіп тұрады. Бұдан өзге түрлі сайыстарға қатысып, өз істерінің хас шебері екенін дәлелдеуде. Бір ғана мысал, биыл экономикалық қиындықтарға қарамастан компания электр желілерін жедел жөндеу бригадалары арасында республикалық жарыс өткізуге мұрындық болып, жетекші екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Энергетиктер сайысы сәтті өтті. «АЖК» АҚ ұжымы бас жүлдені иеленді.
Алматы қаласы мен облысы тұрғындарын жарықпен үздіксіз қамту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, энергетика саласындағы негізгі қорларды жаңарту сынды орасан зор жұмыстардың басында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тұрғандығын айта кеткен жөн.
Байланыстар:
ЖҚКО директоры: Найзабек Олжабайұлы
Алматы Энергокешенінің қоғаммен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы (ЖҚКО)
тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05
«АЖК» АҚ баспасөз қызметі
Тел: +7(727) 376 19 46
Ұялы тел: +7 701 529 50 81
Баспасөз баяны кәсіби жарыс
2016 жылдың 13-17 қыркүйек аралығында Қарасай аудандық электр тораптарының оқу-дайындық полигонында электр желілерін жедел жөндеу бригадалары арасында республикалық жарыс өтеді. Мақсаты – қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, шеберліктерін шыңдау, электр тарату желілерінде қызмет көрсету барысында жарақаттану деңгейін төмендету.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның ұйымдастыруымен өтетін сайысқа Республиканың ірі өңірлік электр желілік компанияларын (ӨЭК) таныстыратын 9 команда қатысады.
Тұтынушыларды жарықпен үздіксіз қамту – энергетиктердің басты міндеті. Үзілген сымдарды жедел қалпына келтіру, бағаналарды және істен шыққан трансформаторлық қондырғыларды ауыстыру – бұл жедел-жөндеу тобына жүктелетін міндеттер. 5 адамнан құралған қоманда, өздерін үздік маман және өз ісінің шеберлері екендігін дәлелдеулері қажет.
Ол үшін жарыстың 7 кезеңінен сүрінбей өту керек. Бірінші кезеңде пайдалану қағидалары, қауіпсіздік техникасы бойынша білімдерін көрсетіп, емтихан тапсырады. Келесі кезеңде тоққа түскен адамды ажалдан құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, кернеуі 0,4кВ және 10кВ-тық сымдарды, жарық бағаналарын ауыстыру, аса жоғары кернеулі электр желілерін жалғап, ажырату, трансформаторда тұтанған өртті өшіру сынды ұшталған әрекеттер мен шеберліктерін тәжірибелік кезеңдерде көрсетеді.
Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен, медальдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады. Бас жүлдеге арнайы екі автокөлік тігіліп отыр.
Жарыстың ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Әукенов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Л.Тұрлашов, Энергетика министрінің орынбасары Б.Жақсалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы А.Сәтқалиев, Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы С.Есімханов, Қарасай ауданының әкімі М.Бигелдиев және өзге де энергетикалық компаниялардың басшылары қатысады деп жоспарлануда.
Шараның өтетін орны: Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесі 63.«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Қарасай аудандық электр тораптарының оқу-дайындық полигоны.
Күні: 13-17 қыркүйек 2016 жыл
Уақыты: 08:30
Қатысушы командалар:
«Алатау Жарық Компаниясы" АҚ
«Ақмола электр желілерін тарату компаниясы» АҚ
«Талдықорған Акционерлік Көліктік Электр Желілік Компаниясы»АҚ
«Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ
«Қарағанды Жарық» ЖШС
«Қызылорда ЭТТК» АҚ
«Маңғыстау электр тораптық Бөлу Компаниясы» АҚ
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС
«Шығыс-Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен облысының 2,5 млн астам тұрғынын жарықпен қамтып отырған, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге және ауыл шаруашылығы қожалықтарына электр қуатын жеткізумен және таратумен айналысатын республика оңтүстігіндегі ең ірі энергетикалық жүйе. «АЖК» АҚ – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.
«Алматы электр стансалары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы және Алматы облысына жылу және электр энергиясын өндіруші компания.
Байланыстар:
ЖҚКО директоры: Найзабек Олжабайұлы
ЖҚКО – Алматы энергокешенінің қоғаммен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы.
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,
www.esalmaty.kz
тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05
ұялы тел.: +7 701 718 82 38
«АЖК» АҚ баспасөз қызметі
Тел: +7(727) 376 19 46
Ұялы тел: +7 701 529 50 81
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ БАҚ өкілдеріне көшпелі жиын өткізді
2013 жылдың аяғынан бастап «АЖК» АҚ-да 0,4 кВ жағында, жеке тұрғын үй құрылыстары және көп қабатты сектор тұтынушылары үшін ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі) енгізу бойынша жобаны орындау жүзеге асырылуда.
«АЖК» АҚ-да ЭКЕАЖ жобасын орындау:
- Электр энергиясын есептеу дәлдігін көтеруге ;
- «АЖК» персоналына электр тұтыну туралы автоматтандырылған бақылау (өлшеу), жинау, өңдеу, сақтау және ақпарат беруін қамтамасыз етуге;
- Есептеудің барлық нүктелері бойынша коммерциялық есептеу өлшемдерінің синхрондығын қамтамасыз етуге;
- Электр энергиясын ұрлаумен күресу бойынша іс-шаралар өткізуге ;
- Нормативтен жоғары шығындарды төмендетуге;
- Тұтынушылардың есептеу аспаптарынан электр тұтыну туралы мәліметті автоматты режимде биллингтік жүйеге беруге;
- Есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді алу бойынша бақылаушыларды қысқартуға мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде, есептеу аспабынан (ЕА) түсетін мәліметтерді өңдеуді, сақтауды және жинауды жүзеге асыратын, ЭКЕАЖ бағдарламалық жасақтамасы және серверлік жабдығы орнатылған, ақпараттарды өңдеудің орталық торабы құрылған. ЕА-нан мәліметтерді беру тәсілі, жоғары жылдамдықта ақпарат алмасу үшін күшті электр тораптарын пайдалануға негізделген, жаңа PLC (PowerLineCommunication - жоғары жылдамдықта ақпарат алмасу үшін күштемелі электр тораптарын пайдалануға негізделген жаңа телекоммуникациялық технология) телекоммуникациялық жүйесінде құрылған. Алынған мәліметтер, өз кезегінде, трансформаторлық қосалқы стансасында орнатылған, МБЖҚ (мәліметтерді беру және жинау құрылғысы) шкафына түседі.
2020 ж дейін 351 мың есептеу аспатарын орнату жоспарлануда. 01.04.2016 ж. жағдай бойынша жоспардың 35% құрайтын, 124 836 есептеу аспаптары орнатылған.
Анықтамалық:
«Алатау Жарык Компаниясы» АҚ «Самырұқ-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.
ЖҚКО – Алматы Энергия Кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы .
Байланыс:
ЖҚКО жетекшісі:ЖандарбекКатпабаев
Алматы Энергия Кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы (ЖҚКО)
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., www.esalmaty.kz
тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05 тел.
«АЖК» АҚ баспасөз-хатшысы: Бекбосынов Абылай
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..
Тел: +7(727) 376 19 46, ұялы.:8 701 529 50 81.
Наурызбай ауданындағы жаңа АЭЖБ-нің ашылу
Алматы қаласы әкімдігінің 02.07.14 ж. № 3/522 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІX сессиясының 02.07.14 ж. №240 бірлескен шешіміне сәйкес «Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» шешім қабылданды.
Қаулыны жүзеге асыру барысында қала шекарасының кеңеюімен бірге қалалық коммуналдық шаруашылықтардың қызмет көрсету алқабы да айтарлықтай кеңейді. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің қызмет саласында да аумақтық-құрылымдық өзгерістер орын алды. Енді елді мекен және тұрғын алқаптарын энергиямен жабдықтаудың облыстық қызметтері қалалық қызметтерге ауыса бастады.
Жаңа құрылған Наурызбай ауданының абоненттеріне қолайлы және тиімді қызмет көрсету мақсатында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің құрылымында 3-АЭЖБ аудандық бөлімшесі ашылды. Осы уақытқа дейін Наурызбай ауданының абоненттеріне Таугүл ықшам ауданында орналасқан Әуезов ауданының 7-АЭЖБ мен Қаскелен АЭЖБ-де қызмет көрсетілген болатын.
3-АЭЖБ-нің қызмет көрсету аумағына жақында қалаға қосылған Қарағайлы, Ақжар, Құрамыс, Шұғыла, Таусамалы, Таужолы, Тастыбұлақ, Наурыз және т.б. мекендері кірді. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ң қарамағындағы электр желілері, құрал-жабдықтары (подстанциялар, трансформаторлы подстанциялар және т.б.) Наурызбай ауданына тіркеліп берілгесін, тиісінше осы желілерді пайдаланатын абоненттер 3-АЭЖБ-не ауысатын болады. Келесі 2016 жылы Наурызбай ауданына желілерді өткізіп беру және тұтынушыларын электр қуатымен жабдықтау шарттарын қайта рәсімдеу жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.
- Қазіргі таңда 3-АЭЖБ-де қызмет көрсетілетін тұтынушыларының жалпы саны 11723 абонентті құрады.
- Оның ішінде 11139 жеке тұлғалар 584 заңды тұлғалар.
Электр энергия тұтынушылары үшін 3-АЭЖБ-де қызмет көрсетудің кең ауқымы бар:
- Көрсеткіштерді қабылдау, заңды тұлғаларға төлем түбіртектерін беру мен есеп айырысу;
- Электр энергиясымен жабдықтау шарттарын жасасу;
- Заңды тұлғалармен түбіртек төлемі бойынша салыстыру жүргізу;
- Дербес шоттарды ашу;
- Тұрмыстық тұтынушылармен түбіртек төлемі бойынша салыстыру жүргізу;
- Электр энергиясы үшін төлемдерді қабылдау;
- Тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарастыру, электр қуатымен жабдықтау мәселелері бойынша кеңестер беру.
3-АЭЖБ-нің екі қабатты ғимараты қажетті құралдармен, тұтынушылардың барлық категорияларына қызмет көрсететін персоналмен толықтай жасақталған. Бірінші қабатта тұрғындармен жұмыс атқаруға арналған операциондық зал, қызметтердің төлемдерін жүргізу терминалдары, ал екінші қабатта заңды тұлғаларға қызмет көрсететін кеңсе-бөлмелері орналасқан.
3-АЭЖБ-нің жұмыс уақыты 08:30-17:30, түскі үзіліс 12:30-13:30
Мекен жайы:«Ветеран-5» бау-бақша серіктестігі, 21 (Жандосов-Яссауи көш. қиыл.)
т. 293 64 42, 293 64 93
Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша
Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы
Нұра ауылында өткізілген 2-күндік рейд нәтижесінде 910 мың тенге өндірілді
2015 жылдың 8 және 9 маусым күндері «АлматыЭнергосбыт» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және жергілікті билік өкілдері біріккен күштерімен Талғар ауданының Нұра ауылында төтенше рейд өткізілді. Оған тұрғындардың 12 млн теңгеден асқан қарызы себеп болды. Электрқуатынан ажырату шаралары бұрын да қолданылатын. Алайда, ажыратылған тұтынушылардың көбі электржүйелеріне заңсыз қайта қосылып, электрқуатымен тегін пайдалануды әдетке айналдырған секілді.
Құрылған комиссияға энергиямен жабдықтаушы компаниялар мамандары мен Талғар ауданы және ауылдық аймақ әкімшілік өкілдері, тәртіп сақтау органдары қатысты. «АЖК», «АЭС» қызметкерлері жаңа квитанциялар бойынша төлем ақы өткізу, электрқуатын пайдалану тәртібін түсіндіріп, есеп құралдарының көрсеткіштерін, олардың пайдаға асуын анықтау шаруаларымен айналысты. Оған қоса, тұтынушылардың ыңғайына қарай сол орында төлемақы жинау мақсатымен Талғар АЭЖБ-ң жылжымалы қаржы касса жұмысы ұйымдастырылды. Сөйтіп, «АлматыЭнергоСбыт» және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өткізген екі күндік рейд барысында 910 мың теңге өндірілді.
Энергиямен жабдықтаушы компаниялар алдында ауқымды қарызы жиналған тұтынушылар, олардың ішінде сот шешімі шығарылған дебиторлар заңды түрде электрқуатынанан ажыратылды. Келесі күндері ажыратылған абоненттердің бір бөлігі тағы 198 мың тенге қарызын өтеп шықты.