19 желтоқсанда "АЖК" АҚ-да диспетчерлік пункттерді қайта құрылымдау жобасының тұсаукесері өтті.

Бүгінгі күнде өндірістік процестерді ақпараттандыру - компания қызметінде барған сайын басымдық орын алуда.

Алматы қаласының энергожүйесіндегі ауытқулар мен апатты жағдайларды жою бойынша жылдам әрі дұрыс шешімдерді қабылдау үшін "АЖК" АҚ Қазақстанда алғаш рет алты аудандық диспетчерлік пункттерді жедел-ақпараттық кешендермен және ұжымдық пайдалануды бейнелеу жүйелерімен (бейнепанельдер негізінде) жарақтандыра отырып, қайта құрылымдау  жобасын іске асырды.

Ұжымдық пайдалану ақпаратын бейнелейтін жүйе – бейнеқабырға, онда барлық негізгі энергия объектілері (барлық коммутациялық аппараттар бейнеленген қосалқы станциялар, БП, ТҚС) бейнеленіп, ауданның коммутациялық схемасы шығарылған.

rekonstrukciya1 min

Бейнеқабырғаны басқару диспетчердің жұмыс орнынан жүзеге асырылады және оған нақты уақыт режимінде болып жатқан барлық технологиялық процестерді сенімді қадағалауға мүмкіндік береді, өйткені схемаға ауданның энергия объектілерінен телеметрия деректері шығарылған. ЭТА-ның коммутациялық жабдығының жай-күйі туралы барлық деректер нақты уақыт режимінде қалалық бөлу тораптарының Орталық диспетчерлік пунктіне беріледі.

Диспетчердің жұмыс үстелінде орнатылған SCADA жүйесі ЭТА тораптарының  жалпы схемасын, сондай-ақ Телеметрия деректерін шығара отырып, энергообъектілерінің бір желілік схемаларын  көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл тораптарды басқару жеделдігін айтарлықтай арттырады, ЭТА-та штаттан тыс жағдайлардың дамуына қарай жылдам әрекет ету мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, диспетчерлік пункттерді қайта жабдықтау диспетчерлердің жұмысын тиімді етеді.

"Бұл жоба, бірінші кезекте, электр тораптық кешенді басқару жүйесін үнемі жетілдіруге және "АЖК" АҚ-ның басты міндеті - тұтынушыларды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап өтті "АЖК" АҚ Басқарма Төрағасы М. Үмбетов.

rekonstrukciya2 min

FaLang translation system by Faboba