Жаңалықтар
«Бірге біз – күшпіз, бірге біз – одақпыз! Тұрақтылық, қорғау – ол біздің кәсіподақ!» міне осындай ұранмен «АЖК» АҚ «Серіктес» кәсіподағының мүшелері мен қызметкерлері кәсіподақтар күнін атап өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 10 Қазан 2019
10 қазан күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ кәсіподағының мүшелері Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Күнін атап өтті. Бұл мейрамның тек ағымдағы жылы ҚР Үкіметінің 2019ж. 22 мамырда №303 қаулысымен бекітілгенін атап өтейік.
Осындай ірі оқиғаға орай «Бірге біз – күшпіз, бірге біз – одақпыз! Тұрақтылық, қорғау – ол біздің кәсіподақ!» ұранымен Алматы қ. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі іс-шара ұйымдастырды, оның барысында «АЖК» АҚ «Серіктес» жергілікті кәсіподағы ҚБ еңбеккерлері, сонымен бірге белсенді болған және ерекшеленген кәсіподақ мүшелері - «АЖК» АҚ-ның қызметкерлері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Осылай Жамбыл ЭТА СДТУ шебері Монастырный П.В. ҚР кәсіподақтарының еңбегі сіңген қайраткері атағын алса, телекоммуникация Басқармасының бас маманы Сакенов К. ҚР премъер-министрі А.У.Маминнан алғыс хат алды, 2-ЭТА электрмонтері Гирская Т.С. ҚР кәсіподақтар Федерациясынан алғыс хат алды, Қарасай ЭТА инженері Мустафин С.Н. ҚРКФ құрмет грамотасын алды, сонымен бірге еңбекшілер әулеті, «Еңбек жолы» сайысының қатысушылары марапатталды.
Сондай-ақ мұндай айрықша күні Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы оңтүстік өңірдегі, оның ішінде «Самұрық Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымдары болып табылатын «МойнақГЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ энергетикалық компанияларының барлық кәсіподақтары үшін іс-шара өткізді.
Салтанатты қабылдау Қазақстан энергетиктері кәсіподағының төрағасы Бекбас О.Т., ҚЭҚ ардагер энергетиктер Кеңесінің төрағасы Нурпеисов С.С., Қазақстан энергетиктері кәсіподағының атқару комитетінің мүшесі, «АЖК» АҚ басқарма Төрағасының кеңесшісі Серікбаева С.Ә.,төрт жергілікті кәсіподақтардың төрғаларымен, сонымен бірге кәсіподақтың қызметкерлерінің және белсенділерінің қатысуымен өтті. «Құрмет» грамотасы «Серіктес» жергілікті кәсіподағының еңбеккерлері З.Аманголоваға және А. Бердибековаға, кәсіподақтың белсенді мүшелері АСДУ техникалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы К. Амирешевке және телекоммуникция басқармасының инженері Н. Егенбердіұлыға табысталды.