Жаңалықтар
Донор күні
- Толығырақ
- Жарияланды 21 Маусым 2019

«АЛСЕКО» АҚ-ның шақыруымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері «Өмірді сақта» атты ұранмен «Донор күні» акциясына қатысты.
Іс-шара Алматы қалалық қан орталығында өтті және 14 маусымда жыл сайын атап өтілетін Дүниежүзілік қан донорлар күніне орайластырылды.
«Мен барлық адамдар бір-біріне мейіріммен және ерікті негізде көмек көрсетуі керек деп есептеймін. Менің қаным біреуге көмектесетініне сенімдімін. Совет заманында арнайы зертханалық жабдықтағы машиналар келетін, біз қан тапсыратынбыз, біз бәріміз адам өмірін құтқарып жатқанымыз деген сенімділікпен жүретінбіз. Және бұл іс-шараның енді дамыған және танымал болғанына қуаныштымын. Бізде бастамашыл және қамқор жастар өте көп. Барлықтарыңыз жарайсыздар!», - дейді Башта Татьяна Владимировна. Ол жыл сайын қан тапсырады.
Акцияға «АЖК» АҚ-нан 50-ден астам қызметкері қатысты. Олар «қан доноры» мәртебесін алу үшін үш кезеңнен өтуі керек: тіркеу, қан анализін тексеру және қан беру. Сонынан оларды «АЛСЕКО» АҚ-нан сыйлықтар мен ыстық тәтті шаймен сый көрсетті. Сонымен қатар қатысушылар бір күн жұмыстан босатылды.
«Мен жас, сау адаммын. Өкінішке орай, дүние жүзінде көптеген адамдар өздерінің денсаулығы мен өмірі үшін күресуге мәжбүр, көмекке мұқтаж. Сондықтан соңғы бірнеше жылда мен қан доноры болып келемін және көптеген адамдардың «өмірін құтқарғым келеді», - дейді күрделі құрылыс басқармасының жетекші инженері Машиков Сағындық Алтайұлы.
Донорлық мейірімділіктің, ниеттіліктің, ынтымақтастықтың және құрметтің белгісі.


