Жаңалықтар
Жеңіс үшін рақмет!
- Толығырақ
- Жарияланды 08 Мамыр 2019
Жыл сайын Жеңіс Күні қарсаңында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ дәстүрлі түрде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне салтанатты іс-шара өткізеді.
Ағымдағы жылы Жеңістің 74-жылдығының тойлауы Іле Алатауының баурайында орналасқан мейрамханаларының бірінде атап өтілді. Ардагерлер таудың таза ауасы мен тамаша көркем түрімен ләззаттанып рахат алды.

Іс-шараға компанияның басшылығы, қызметкерлері және ардагер-энергетиктері, сондай-ақ жауынгер-интернационалистер қатысты.

«Сіздерді Ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз қаһармандықтың айтулы мерекесі. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан батырлық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді», –деп «АЖК» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов қатысушыларды құттықтады.



Осы іс-шараның ауқымы мен форматы соғыс ардагерлері мен қонақтарға үлкен әсер етті. Оларды «АЖК» АҚ жас ынталы қызметкерлері дайындаған жарқын мерекелік бағдарлама өте қуантты.

Жиналғандардың назарына қызметкерлердің өздерінің аталары туралы еске алу шағын бейнеролигі ұсынылды, оны көріп ардагерлер қаза тапқан достары мен солдаттарды еске алып эмоцияға берілді.


Іс-шара барысында біздің ардагерлер мерекемен құттықтап, соғыссыз, қиындықсыз бақытты және бейбіт өмір тіледі.
«Жыл сайын біздің ардагерлердің қатарының сиреуін көру өте қиын және өкінішті. Қазір біз 6 ардагерлер мен 20 тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік-тұрмыстық, материалдық және психологиялық көмек көрсетеміз. Олар балалар сияқты біздің әрбір кірісімізге мәз болады – олар үшін өздеріне деген көңілді сезіну маңызды, сондықтан оларға жиі барып тұруға тырысамыз», – дейді Даутова Майнур ардагерлер істері бойынша ұйымдастыру комитетінің мүшесі.
Өкінішке орай, іс-шарада денсаулығының жай-күйіне байланысты барлық ардагерлер қатыса алмады. Сондықтан компанияның қызметкерлері компанияның атынан сыйлықтарды ардагерлердің үйіне барып сыйлайды.
