«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ұжымы үшін ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету игі дәстүрге айналды. Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында, ардагерлерге атаулы көмек көрсетуге және жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге бағытталған «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Жастар ісі жөніндегі кеңесінің өкілдері ардагерлердің үйлеріне барып, оларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

 s1

Ардагерлерді құттықтай отырып, жастар ұйымының төрағасы Жүйріков Шыңғыс ардагерлердің ерлігін атап өтті: - Сіздің басыңызға түскен қиындықтарды бағалау мүмкін емес, бірақ сіздердің ерліктеріңіз жүрегімізде мәңгі сақталады. Біздің бейбіт уақытта өмір сүріп жатқанымыз және әрбір жаңа күнді қуана қарсы алатынымыз үшін Сіздерге алғыс айтып, басымызды иеміз!

s2

Жылы лебізмен айтылған сөздер ардагерлердің жүректерін тебірентіп, оларды ұмытылмастай өткенге қайтарды.

Ардагерлер қонақтарға сұрапыл соғыстың оқиғалары туралы айтып, соғыстан оралмаған жолдастарын орны толмас өкінішпен еске алды.

s3

Жас ұрпақ пен ардагерлердің тірідей кездесуі барлығына жағымды көңіл-күй сыйлады. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің жас қызметкерлері ардагерлерге алғыс білдіріп, денсаулық, сергектік пен амандық тіледі.

s4

Компания ұжымының атынан ардагерлерге құрмет пен алғыс белгісі ретінде мерекелік сыйлықтар табыс етілді.

FaLang translation system by Faboba