Жаңалықтар
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ энергетиктер күнін атап өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 21 Желтоқсан 2018

Шараға компанияның басшылығы, қызметкерлері, сондай-ақ ардагер энергетиктер қатысты.
Мерекелік жиын Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетовтың құттықтау сөзімен басталды. Өз сөзінде: «Құрметті әріптестер және жиынға қатысушы қонақтар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Энергетика – бұл кез келген қоғамның, сол қоғамда қарыштап дамып отырған экономиканың алтын өзегі. Сондықтан энергетик – мақтанып-марқаюға тұрарлық кәсіп. Сіздер осындай мамандықты ел игілігіне иліктіре білген киелі кәсіп иесісіздер», - деп лебізін білдірді.
Төл мерекеге орай жыл сайын энергетика саласында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен қызметкерлер сый-құрметке бөленіп, марапатталып келеді. Сондай-ақ, «АЖК» АҚ «Құрмет Кітабына» еніп отырады.
Компанияның жүзден аса белсенді қызметкерлеріне ТМД, Казақстан Энергетика Ассоциациясының, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің және «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KAZENERGY» Ассоциациясының, Алматы қаласы мен облысы әкімінің және «АЖК» АҚ «Құрмет Грамотасы» табысталды.
Сонымен қатар, «Серіктес» жергілікті кәсіподағының төрайымы Меруерт Тоғайбекова энергетиктерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, компания қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.
Айтулы мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласты.