Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ында салтанатты жиын өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 30 Қараша 2018

Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Президент барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған кемеңгер тұлға.
«Өздеріңізге белгілі жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Бұл осыдан бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы деп білемін. Себебі, аталған маңызды құжатта да халқымыздың рухани қазынасы, жетістіктері мен болашаққа бағдар болар құнды дүниелері жазылған. Бұл мақала бізді мақтаныш сезімге ғана бөлеп қоймауы керек. Бұл – барша қазақстандықтарға жүктеліп отырған үлкен жауапкершілік. Сондықтан оның салмағыда айрықша»,-деп«АЖК» АҚ-ының Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов атап өтті.
Жиын барысында компанияның басшылық құрамы қызметкерлерді құттықтап, тілектерін білдірді.