image002

Басқосу барысында Елбасы Жолдауында айқындалған мақсат-міндеттер мен басымдықтар халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудың таптырмас тетігі екіндігі, мемлекеттің барлық саласындағы дамудың жаңа сапалық деңгейге көтерілгендігі, цифрлық даму дәуіріне апаратын тарихи құжат екендігі айтылды.

-Ел басы әр Жолдауында Қазақстан халқының өмірін жақсартуға, тұрмысын түзеуге аса назар аударады. Президентіміз, халықтың әл-ауқатын арттырудың ең тиімді жолын қадап айтып берді. Өзімізде өндірілетін өнімдердің сапасын арттыру, отандық тауарларға қолдау көрсету, кәсіппен айналысам деген азаматтарға жол ашу, сапалы кадрлар даярлау, жемқорлықты түп-тамырымен жою, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала мамандарының табысын арттыру сынды өзекті мәселелер Жолдауда түгел қамтылды. Президентіміздің биылғы Жолдауы еліміздің дамуына тың серпін беріп, жаңа белестерді бағындыруға жол бастайтыны анық. Сондықтан Елбасы алға қойған мақсаттарды іске асыруда әр қоғам мүшесі белсенділік таныту қажет, - деп атап өтті Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов.

FaLang translation system by Faboba