Жаңалықтар
Ата-аналардың назарына!
- Толығырақ
- Жарияланды 25 Қазан 2018
Өткен жылдың күзінде үйінің ауласында ойнап жүрген бала күшігінің артынан белгісіз адамдар есігін сындырып тастаған трансформаторлық қосалқы стансаға кірген, сөйтіп қолдарын қатты күйдірген, ақырында оның қолын кесіп тастауға тура келген. Осындай жағдайларға жол бермеу үшін, сіздерден өтінеріміз, электр тоқпен жарақаттану қаупі бар деп ескертетін белгілерге назар аударыңыздар. ТП есігінің сыртқы жағына үшбұрышты, сарымен боялған, айналасы қарамен сызылып, иректелген қара жебе салынған белгі жабыстырылады.
ТП мен РП есіктері арнайы құлыптармен жабылатынына қарамастан, түсті темірлерді ұрлау немесе бұзақылық ниетпен бөгде адамдар оларды жиі сындырады. Олардың сынғандығын дер кезінде білу қызметтеуші еңбеккерлер үшін тұрғындардың көмегінсіз қиын.
Осыған орай, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның сенімділікті бақылау және еңбек қорғау басқармасы Алматы облысының тұрғындарына көптен-көп өтініш білдіреді
БАЛАЛАРҒА ТҮСІНДІРІҢІЗДЕР, ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- электр шкафтарының, жинамалардың, қалқаншалардың есіктерін ашуға;
- ТП-ға кіруге және тіректердегі оқшаулағыштарды сындыруға;
- электр жеткізуші әуелік желі тіректеріне шығуға;
- көшедегі, ауладағы, бақтағы үзілген сымдарға жақындауға және ұстауға;
- электр жеткізуші әуелік желі сымдарына әрнәрсені ілуге;
- тасымалдық электр қабылдағыштар сымдарының жалаңашталған ұштарын электрлік ашаға қосуға.
Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін сынған құлыптар туралы немесе электр құрылғылардың есіктерінің ашық екендігі, сымдарға бірнәрселердің ілінгені, сымдардың үзілгені туралы дер кезінде электр тораптарының диспетчерлік пунктеріне мына телефондар арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз:
Естеріңізде болсын! Электрді байқап пайдалансаңыз, ол - сізге дос әрі көмекші, ал немқұрайды қарасаңыз, ол қас жауыңызға және орны толмас қайғы себепшісіне айналады.
