Жаңалықтар
Мақсат – Алматы қаласындағы тұтынушыларды электр желілеріне қосылу үрдістерін жеңілдету
- Толығырақ
- Жарияланды 24 Қыркүйек 2018
«Алатау ЖарықКомпаниясы» АҚ-да тұтынушыларды электр қуатына қосу және оны техникалық жаңарту мәселелері бойынша жиын өткізілді. Мұны өткізудегі басты мақсат – Алматы қаласындағы тұтынушыларды электр желілеріне қосылу үрдістерін жеңілдету.

Шараға Алматы қаласы әкімдік өкілдері мен электр қуатымен жабдықтаушы ұйымдар, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшылығы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің өкілдері мен Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшылығы, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өкілдері қатысты
Айта кетейік, «Алатау жарық компаниясы» АҚ ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшылығымен, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жетекшісімен,тұтынушыларды электр желісіне жылдам қосу мәселесін талқылады.Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үрдістерін жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Жиын барысында тұтынушыларды электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық талаптарды беру мерзімі қысқартылғаны айтылды. Сондай-ақ, мамандар пікір алмасып, желіге қосылу жұмыстарын әлі де оңтайландыра түсу керек деп тарасты.
