Қазақстан Республикасы Энергетика Министрі Қ.А. Бозымбаев және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі Ж.М. Қасымбек басшылықтарымен 2018 жылдың 15 тамызында сағат 11:00-де 2018-2019жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында салалық кеңестің отырысы өткізілді.

Кеңес облыстар, Астана, Алматы, Шымкент ққ. әкімдіктері өкілдері, энергия ұйымдарының басшыларының қатысуымен өтті.

2018-2019 жылдар жылыту кезеңін тұрақты өткізу мақсатында энергетика және инвестициялар және даму Министрлерінің  бірлескен бұйрығымен жылыту кезеңіне дайындық және өтуі, электр станцияларына, коммуналдық секторға және халыққа көмір беруді бақылауға арналған штаб құрылғанын айта кету керек. Штаб құрамына министрліктер мен әкімдіктердің жауапты тұлғалар кірді.

Кеңес келесі тәртіпте өтті:

  • алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық, электр станцияларындағы жөндеу компаниясын өткiзу, газ тасымалдау инфрақұрылымын жөндеу жұмыстарын жүргiзу, энергия өндiруші ұйымдарының отын жеткiзушiлер алдындағы берешектерді өтеу және өңiрлiк әкiмшiлiктерге отын бойынша бар берешектерiн өтеу жөнiнде қосымша шаралар қабылдау жөнiнде ұсыныстар бойынша негізгі есеппен ҚР Энергетика Министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Төрағасы С.Қ. Есімханов сөз сөйледі.

Сондай-ақ, «Алматы электр станциялары» АҚ электрстанциялары жұмыстарының  сенімділігіне назар аударылды. Соңғы екі айда өндірудің нөлге дейін азаюы бойынша 2 технологиялық бұзушылық орын алды;

- «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы  Б.Т. Қажиев Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің жұмысы туралы айтып өтті;

- «КазТрансГаз-Аймак» АҚ  М.А. Садвакасов газ бойынша  энергия көздерінің берешегі туралы;

- «Интергаз Центральная Азия» АҚ  Бас директорының бірінші орынбасары  М.У. Шанбатыров Жамбыл МАЭС-ын газбен қамтамасыз ететін магистралдық газ құбырын жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы;

- «КТЖ-Грузовые перевозки» АҚ Басқарма Төрағасы К.А.Саурбаев энергетикалық ұйымдар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілері үшін көмірді тасымалдау жəне жеткізу жөніндегі дайындық туралы.

Қорытындысында облыстар, Астана, Алматы, Шымкент ққ. әкімдіктеріне, энергия ұйымдарының басшыларына:

  • тиісті сапаны және тиісті бақылауды сақтай отырып, жөндеу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру;
  • жеткізілген отынға берешекті өтеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • нормативті отын қорын жинақтау;
  • электр энергиясын өндіру / тұтынуды сақтауды қамтамасыз ету ұсынылды.

Энергоия ұйымдары басшыларына:

  • еңбек қауіпсіздігі шараларын күшейту;
  • энергетикалық жабдықтардың жұмыс жағдайын бақылауды күшейту;
  • күзгі-қысқы кезеңге әзірлік паспортын алуға материалдарды уақтылы жіберуді қамтамасыз ету ұсынылды.
FaLang translation system by Faboba