Жаңалықтар
Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 3-ЭТА-да жаңа әкімшілік ғимараттың салтанатты ашылу рәсімі өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 10 Тамыз 2018
10 тамыз күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 3-ЭТА-да Алматы қаласы мен Наурызбай ауданы әкімдігінің өкілдері, Алматы өңірінің энергокешені мен ардагер-энергетиктардың қатысуымен, жаңа әкімшілік ғимараттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру, тұтынушыларға жақсартылған қызмет көрсету мен инновациялық шешімдерді енгізу мақсатында 3-ЭТА-ның жаңа офистік ғимаратын салу бойынша жобаны жүзеге асыру басталды.
210 шаршы метр аумағында жаңадан салынған екі қабатты ғимаратта тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған пункт, ЭТА қызметтері, сондай-ақ, заман талабына сай жабдықталған және нақты уақыт режимінде барлық электр жеткізу желілері мен трасформаторлы қосалқы стансалардың жағдайы туралы мәліметтерді көрсететін диспетчерлік қызмет орналасқан.
Құрылыс кезінде жетілдірілген энегриялық тиімді технологиялар мен материалдарды қолдану арқылы, қызметкерлер мен тұтынушылар үшін қажетті жағдайлар ескерілді. Мысалы, осылай, мүгедек-тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша жағдай жасау ескерілген.
Сонымен бірге кең және жарық кабинеттер, ыңғайлы шаруашылық-тұрмыстық үй-жай, акт залы мен демалуға арналған бөлмелер қарастырылған. Кеңседе заманауи жылыту, кондициялау мен өрт сөндіру жүйелері жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы мәслихаттың кезектен тыс XXIX сессиясында Наурызбай ауданын құру туралы шешім қабылданды, осыған байланысты жаңа аудан тұтынушыларына қызмет көрсететін ЭТА ашу қажеттілігі туындады. Осылайша, аумақтың кеңеюі мен электр энергиясын тұтынушылардың санының өсуі 3-ЭТА құрылуына негіз болды.
Қазіргі таңда 3-ЭТА 4967 шаршы км. қызмет көрсету аймағында, 11 862 тұтынушы бар, олардың 11 241 д.ш. – жеке меншік сектор және 621 шарт – заң секторы, электр жеткізу желілерінің ұзындығы 10кВ-ӘЖ 115,02км., 10кВ-КЖ – 16,746км. және 0,4кВ-ӘЖ – 205,50км. құрайды.
3-ЭТА-да қызмет көрсетілетін трансформаторлы қосалқы стансалардың саны - «АЖК» АҚ – 118 дана және абоненттік – 419 дана. Барлық трансформаторлы қосалқы стансаларды жоғарғы жағы бойынша 4 қосалқы стансаны қоректендіреді - №127А ҚС, №41А ҚС, №42А ҚС, №147А ҚС.
Наурызбай ауданында №3 электр тораптары ауданының жаңа әкімшілік ғимаратының ашылуы – «Алатау Жарық Комапниясы» АҚ жүргізіп жатқан модернизациялау бойынша, елеулі жұмыстың бөлігі болып табылады.
Аталмыш шешім әр түрлі жағдайларда жедел әрекет етуге және қолданыстағы қорларды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.