Жаңалықтар
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің қызметкерлері ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтады
- Толығырақ
- Жарияланды 05 Мамыр 2018
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Кәрімов өзінің әріптестерімен бірге ардагерлердің үйлеріне барып, естелікке сыйлықтарды табыстай отырып, әрқайсысын жеке-жеке мерекемен құттықтады.


– Өкінішке орай, жылдан-жылға ардагерлеріміздің саны азайып бара жатқанын, ардагерлердің денсаулығы да мәз емес екенін М. Кәрімов атап өтті. – Бүгінде кейбір ардагерлеріміздің сыртқа шығуға жағдайы жоқ болғандықтан, біз оларға барынша көңіл бөліп, әрқайсысын жеке-жеке құттықтап, денсаулық пен береке-бірлік тілеп, алғысымызды білдірдік. Бұл соғыс ардергерлері мен тыл еңбеккерлеріне ғана емес, біз үшін де маңызды болып табылады.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің ұжымы барлық ардагерлерді ұлы мерекемен құттықтап, ұзақ ғұмыр мен барлық жақсылықты тілейді!
