15 желтоқсан күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты мерекелік шара өтті.

Тәуелсіз еліміздің жиырма алты жылда аяғынан нық тұрып, өзгелермен терезесі тең мемлекет ретінде қалыптасуы Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесі.

23 қараша күні Қазақстан Парламенті еліміз үшін өте маңызды оқиға болған «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын» қабылдады.

Осы уақыт аралығында Қазақстан экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді.

Тұрақтылық және қоғамдағы өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат – республиканың ғаламдық деңгейде беделін өсірді.

Бүгінгі Қазақстан – бұл кемелденген, қуатты мемлекет!

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан, ырысы мол елде тату ғұмыр кешудеміз.

Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді.

FaLang translation system by Faboba