Жаңалықтар
«АЖК» АҚ тарифінің өзгеруі туралы
- Толығырақ
- Жарияланды 05 Желтоқсан 2017
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АЖК» АҚ) хабарлайды – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Департаменттерінің 2016 жылғы 26 шілдедегі Алматы қаласы бойынша №127-ОД және Алматы облысы бойынша №200-ОД бекітілген бұйрықтары шеңберінде 2018 жылғы «АЖК» АҚ реттелген қызметі тарифінің шектік деңгейі (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) ҚҚС қоспағанда 6,04 теңге/кВтч құрайды.
