30 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ында салтанатты жиын өтті. 

img 4386img 4386img 4386

Талай жыл ата-баба арманын ақиқатқа айналдырған Елбасының ел үшін еткен еңбегі орасан. Сондықтан, Бірінші желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні болып бекітілуі Елбасымызға деген елінің шынайы ризашылығы мен шексіз құрметін білдіреді. Еліміз үшін бұл мерекенің орны бөлек. 

Тарихқа оралсақ, Кеңес Одағыннан кейін   пайда болған мемлекеттердің барлығы ортақ дағдарысты басынан кешірді. Осындай кезеңде елдікті, егемендікті сақтап қалу мен мемлекетті биік дәрежеде ұстап тұру Елбасымызға жүктелді. Халық сенген Елбасы да “Азаттық жолы – азапты, тәуелсіздік жолы – тәуекел”, - деп, алға оң қадам басты.

Күллі ғасырдың тілегін аспандатқан, арманымызды абыроймен жүзеге асырған жылдардың  жемісі  өздеріңізге мәлім. Шын мәнінде, Нұрсұлтан Әбішұлының сара жолда ұстанған салмақты да салиқалы саясатының негізінде Қазақстандағы атқарылып жатқан жемісті де жеңісті істерді ешкім  жоққа шығара алмайды.

Ең алдымен елдің жағдайын ойлаған Көшбасшымыздың таңдаған нұрлы жолы биік белестерге алып шығары сөзсіз», - деп «АЖК» АҚ-ының Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов атап өтті.

Жиын барысында компанияның басшылық құрамы қызметкерлерді құттықтап, тілектерін білдірді.

FaLang translation system by Faboba