Жаңалықтар
Республикалық жарыста «АЖК» АҚ-ның командасы электр желілік компанияларының арасында жеңімпаз атанды
- Толығырақ
- Жарияланды 12 Қыркүйек 2017
4-8 қыркуйек аралығында "Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ-ның полигонында Республикалық қызмет көрсету және тарату желілері жөндеу бойынша жедел-жөндеу персоналының кәсіптік жарысы өтті.
Жыл сайын аталған іс-шара қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізіледі. Қазіргі таңда технологиялар жетілдірілуде, ал өндірістік шарттар өзгеруде, сол себепті қызметкерлер біліктілігінің деңгейі жаңа талаптарға сай болу өте маңызды болып табылады.
Өткен жылы Республикалық жарыста «АЖК» АҚ-ның командасы электр желілік компанияларының арасында жеңімпаз атанды. Биылғы жылғы жарысқа 10 команда қатысты.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ командасы Республикалық қызмет көрсету және тарату желілері жөндеу бойынша жедел-жөндеу персоналының кәсіптік жарысында 1-орынға иеленді.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ командасын жеңісімен құттықтаймыз!
