«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-нда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекеде компанияның басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

«Ата Заңымызды бұлжытпай орындау нәтижесінде Отанымзыдың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәурге қадам басты. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біздің Конституцияның бізге берген ең басты құндылығы – таңдау құқығы, басқаша айтқанда, өз өмірінің қожасы болуы кез келген  қазынадан бағалы» дей келе мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенің айқындады. Ата Заң  мемлекетіміздің қуатты көзі, қазақстанның әрбір азаматы өзің тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнеге», - деп Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов атап өтті.

Іс-шара шеңберінде ерен еңбегі үшін компанияның қызметкерлері марапатталды.

Жиынның соңында Төраға Басшысы Мұхит Үмбетов барша қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, ел іргесінің беріктігі мен Тәуелсіздігіміздің мызғымас жолында адал еңбектеріне толағай табыс тіледі!

FaLang translation system by Faboba