Құрметті тұтынушылар!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның 2017 жылғы 11 шілдедегі №89-VI Заңымен «Электр энергетикасы туралы» Заңның 18-бабының 1-тармағына өзгерістер енгізілді, тұтынушылардың барлық санаттары үшін (жеке және заңды тұлғалар) тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған тарифтердісаралауының күші жойылды.

Сонымен бірге, жеке тұлғалар (соның ішінде бұрын тәулік зоналары бойынша тұтынылған электр энергиясына сараланған тарифтер арқылы төлем жүргізген) электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай тұтынылған электр энергиясына сараланған тарифтер бойынша, ал заңды тұлғалар босату тарифі бойынша төлем жүргізеді.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 2017 жылдың 01 қыркүйегінен бастап Алматы қаласының және Алматы облысы аймағының (Іле, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек, Ұйғыр, Балқаш аудандары және Қапшағай қ.) тұтынушылары үшін келесі тарифтердің енгізілетіндігі туралы хабарлайды:

  • заңды тұлғалар үшін – 1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-сыз 16,36 теңге (1 кВт.сағ. ҚҚС-мен 18,32 теңге)
  • жеке тұлғалар үшін – электр энергияны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер:
    • бірінші деңгейдегі тариф - 1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-сыз 14,87 теңге (1 кВт.сағ. ҚҚС-мен 16,65 теңге);
    • екінші деңгейдегі тариф - 1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-сыз 19,63 теңге (1 кВт.сағ. ҚҚС-мен 21,99 теңге);
    • үшінші деңгейдегі тариф - 1 кВт.сағ. үшін ҚҚС-сыз 24,54 теңге (1 кВт.сағ. ҚҚС-мен 27,48 теңге); 

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС әкімшілігі

FaLang translation system by Faboba