Жаңалықтар
Хабарландыру. Құрметті тұтынушылар!
- Толығырақ
- Жарияланды 04 Мамыр 2017
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану ережелерінің 51 тармағында электр энергиясын пайдаланғаны үшін ақы төлемегендерге электр қуатын беруді тоқтату көзделген.
Бұл шаралардың энергиямен жабдықтау туралы шарт талаптарын мүлтіксіз орындап жүрген адал тұтынушыларға қолданылмайтынын атап өтеміз. Жоғарыда аталған құжаттың 62 тармағына сәйкес, егер тұтынушы энергиямен жабдықтау туралы шарт талаптарын бұзғаны үшін электр көзінен ажыратылған болса, энергия жеткізуші ұйым ондай тұтынушыны ереже бұзушылық алып тасталғаннан кейін және қайта қосуға ақы төлеген соң ғана қосады.
01.06.2017 жылдан бастап төмендегідей қызмет ақысы белгіленген:
- жеке тұлғаларды есептеуіштен немесе қалқаннан қосу – 6 730 теңге (ҚҚС есепке алынып);
- жеке тұлғаларды ӘЖ бағанынан немесе үйдің сыртынан қосу – 10 115 теңге (ҚҚС есепке алынып);
- заңды тұлғаларды қосу – 11 606 теңге (ҚҚС есепке алынып).
