Жаңалықтар
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшылығының компания қызметкерлеріне есеп беру кездесуі
- Толығырақ
- Жарияланды 05 Сәуір 2017
2017 жылдың 31 наурызы күні басшылық пен еңбек ұжымы арасында жұмыс беруші мен қызметкерлер және «Серіктес» кәсіподақ ұйымы арасында өзара түсіністіктегі диалог орнатуға бағытталған «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының ішкі ережесіне сәйкес басшылардың еңбек ұжымдарымен 2017 жылға бекітілген кесте бойынша есептік кездесуі өтті.
Мұндай жиындар әріптестер арасындағы ынтымақтастықты жоғарылатып, компания басшылығына ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатын бақылай отырып тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді және сол арқылы компаниямыздың әрі қарай сенімді дамуына оң әсерін тигізеді.
Жиынды компанияның басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов ашып, 2016 жылы атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы есеп беріп, әр мәселеге жеке тоқталды. Сондай-ақ, «Серіктес» кәсіподақ ұйымының төрайымы Меруерт Тоғайбекова да кәсіподақтың атқарып жатқан іс-шаралдарына кеңінен тоқталып, қызметкерлер алдында есеп берді. Аталмыш жиын барысында компания қызметкерлері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өтініш, тілектерін білдірді.
Кездесуде қойылған қызметкерлердің сұрақтары, өтініштері мен ой-пікірлері ескеріліп, акционерлік қоғам басқармасының қатаң бақылауына алынды.
