2017 жылдың ақпанында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының еңбек ұжымының алдында 2016 жылдың жұмыс қорытындылары және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы алдағы кезеңдегі міндеттері туралы жыл сайынғы есеп беру жиналыстарын өткізу аясында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшелерінде Серіктестіктің еңбек ұжымы алдында жиналыстар өткізілді.

Компания басшылығы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы Серіктестік қызметінің 2016 жылғы негізгі бағыттары мен нәтижелерін, басты басымдықтарын атап көрсетіп, есеппен сөз сөйледі. Серіктестіктің 5 947 млн.кВтсағ. жоспары бойынша 2016 жылғы электр энергиясын сату көлемі 97% немесе 5 767 млн.кВтсағ. құрайтыны, яғни жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы атап көрсетілді.

Сондай-ақ есепте персоналды дайындау, кадрлық резервті, әлеуметтік саясатты дамыту мәселелері, сонымен бірге  «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қызметкерлерінің  «Жас Қуат» Жергілікті кәсіби одағы» ҚБ атқарған жұмыстары туралы ақпарат және т.б. айтылды.

Еңбек ұжымының 2016 жылғы III тоқсанында әлеуметтік жағдайын бағалауды анықтау үшін Әлеуметтік әріптестік орталығы  мен «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік университеті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС әлеуметтік тұрақтылық рейтингісін анықтау жөніндегі зерттеуді жүргізді. 

FaLang translation system by Faboba