Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауының мазмұны мен басым бағыттарын мақсатты түрде түсіндіру жұмыстары бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жиын өткізді. Өз кезегінде сөз алған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов «...Биылғы жолдау Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде болып отыр. Үшінші жаңғырудың мақсаты Қазақстанды Мәңгілік Елдің межесіне жетелейтін темірқазық болмақ. Мемлекет басшысының өзі айтқандай, алғашқы екі жаңғырту елімізді аз ғана уақыттың ішінде әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына алып шықты. Әрине, ғасырлар бойы бодандықта болған, әлемдік қоғамдастыққа алғаш енген ел үшін бұл аз жетістік емес» деп ойын ортаға салды. Жиынға «Нұр Отан» партиясының атынан Бостандық аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Бекежан Тоққожаев қатысып, Елбасы Жолдауына қатысты пікірін білдірді.

Айтулы шара барысында ардагер энергетиктер және жастар тарапынан «Нұр Отан» жастар қанатының мүшелері сөз алып, Елбасының жолдауына жан-жақты тоқталды. Сөз алғандар Елбасының атқарған игі істеріне тоқталып, ұстанған салиқалы саясатын қолдайтынын жеткізді.

Жиын барысында компания қызметкерлері жолдауға қатысты пікірлерін білдіріп, Елбасы жолдауын қолдайтынын бірауыздан жеткізді.

FaLang translation system by Faboba