Жаңалықтар
«АЖК» АҚ қызметкері Универсиада-2017 алауын алып жүреді
- Толығырақ
- Жарияланды 26 Қаңтар 2017
28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алауын Алматы қаласында алып жүру кестесіне «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкері Әлішер Қажымұқанов та еніп отыр.
Әлішер Серікұлы 1993 жылы туылған. Ол - қол күресінен ҚР спорт шебері. Алматы және Алматы облысы бойынша қол күресінен өткен чемпионаттардың, сондай-ақ 2007-2008 жылдары жастар арасында өткен футбол ойындарының жеңімпазы. Қазіргі таңда Алматының шағын футбол және әуесқой футбол лигасында ойнап жүр. Алып шаһарда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын Қайырымдылық марафонының тұрақты қатысушысы.
