2017 жылдың 25 қаңтары күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері туралы Қазақстан халқына үндеу жариялады. Бүгін «Алатау Жарық Компаниясында»  Мемлекет басшысы мәлімдемесінің мазмұны мен басым бағыттарын мақсатты түрде түсіндіру жұмыстары бойынша арнайы жиын өтті. Онда «АЖК» АҚ Басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов сөз алып, Президенттің бүгінгі үндеуі қоғамның, мемлекеттің алдында тұрған көптеген сауалдарға жауап бергенін жеткізді. Жиында компания қызметкерлері   Елбасының үндеуін бірауыздан қолдап,  реформаның Қазақстанның дамуында айрықша рөл атқаратындығына сенім білдірді.

Айта кетейік, үндеу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлі күшейтілетінін мәлім еткен болатын. «Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез  келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым.  Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады. Біріншіден,  Президенттің  әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн деп санадым», - деді Мемлекет басшысы.

FaLang translation system by Faboba