Құрметті тұтынушылар!

«Алматыэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҚР Салық Кодексінің 263-бабының 1-2-тармағына, ҚР 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы №77 бұйрығына сәйкес Сізге 2016 жылдың тамызынан ЭШФ АЖ жүйесі арқылы электронды шот-фактураларды шығарып беруге ауысатындығы туралы хабарлайды.

Тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін 2016 жылдың маусым, шілде айларындағы шот-фактуралар қағаз және электронды түрде ұсынылатын болады. 2016 жылдың тамызынан және одан кейінгі кезеңдерде шот-фактуралар ЭШФ АЖ-де электронды түрде ғана қолжетімді болады.

Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 2-тармағының 11-тармақшасына сәйкес Төлем шоты Электрмен жабдықтау шартының 16-тармағына сәйкес Тұтынушылар «Алматыэнергосбыт» ЖШС-де өз бетінше ала алатын төлем құжат болып табылады.

Электрмен жабдықтау шартында көзделген теріс салдарлардың (өсімақыны есептеу, электр энергиясын беруді тоқтату) туындауын болдырмау үшін «Алматыэнергосбыт» ЖШС Сізден  төлем шотты уақытылы алып және Электрмен жабдықтау шартында қарастырылған мерзімде тұтынылған электр энергиясына төлем жүргізіп отыруыңызды сұрайды.

Құрметпен,

«Алматыэнергосбыт» ЖШС әкімшілігі

 

FaLang translation system by Faboba