Ұзақ жылдар бойы энергожүйесiнiң тұрақты жұмысы нәтижесiнде бiз электр энергиясының игiлiгiне айырылмастай үйренiп кеттiк. Ол бiзге жылу, жарық, жайлылық бередi. Бiз қазiр бейқамдық танытып, электр тоғыныңқандай қауiп келтiретiнiн ұмытып та кетiп жатамыз. Қолданыстағы электр құрылғыларына тиiсу нәтижесiнде адамдардың электр тоғымен жарақаттану жағдайлары да жиiлеп кеттi.

Электр құрылғылар жанындағы тәртiптiк ережелердi еске саламыз

1. Бөгде тұлғалардың электр тораптықғимараттар панажайларында және аумақтарында жүруiне, электр тораптарында өз бетiнше ауыстырып- қосуларды және қосуларды жүргiзуiне тыйым салынады, Электр құрылғылардың қоршалған есiктерiн ашуға және бөгеттер мен қоршауларға кiруге тыйым салынады. Бұл қайғылы зардаптарға алып келуi мүмкiн.

 2. Әуелiк желiлер сымдарының және олардан ғимаратқа кiретiн ендiрме тарамдарының астына қандай да бiр құрылыстар салуға, ағаштар, сабан жинауға, от жағуға болмайды.

3. Салбырап тұрған, сондай-ақ үзiлген, жерге түсен сымдарды, электр құрылғылардың есiктерi мен қақпақты есiктерiнiң ашық екендiгiн, сонымен қатар тiректердiң зақымданғанын байқаған жағдайда, бұл туралы электр тораптары ауданына тез арада хабарлау қажет. Жерге түскен сымның айналасын 8-10 метр радиуста қоршап, апаттық бригада келгенге дейiн күзет қойып, ешкiмдi жақындатпау қажет.

 Балалар қауiпсiздiгi

1. Электр тоғымен жарақаттану қаупi туралы балаларға жүйелi түрде ескертiп отырыңыз және олардың электр жеткiзушi желiлердiң тiректерiне шығуына, сымдар мен коммуникациялар бар, тұрѕындық үйлердiң техникалық жертөлесiне немесе трансформаторлыққосалқы стансаларға кiруiне тыйым салыңыз. Ережелерге сай, бұл электр құрылғыларда электр қауiпсiздiгi бойынша сақтандыру белгiлерi және тиiстi плакаттар iлiнедi. Барлық бұл белгiлер мен плакаттар электр тоғымен жарақаттану қаупi бар екендiгiн адамдарға ескертедi. Бұл белгiлер мен плакаттарды елемей қоюға болмайды – олар өмiрге шындығында қауiптi екендiгiн Сiзге ескертiп, сақтандырады!

2. Тоқ жүретiн сымдарға сым немесе басқа да заттарды лақтыруға болмайтынын, оқшаулағыштарды сындыруға, үй кiреберiстерiнде тұрған ендiрме қалқаншаларын, баспалдақтағы электр қалқаншаларын ашуға болмайтынын балаларға ескертiңiз. Өзiңiздiң балаларыңызға электр тоғына ұшыраудың барлық қауiптiлiгiн айтып, соған иландырыңыз. Қолданыста тұрған электр құрылғылар ойын ойнайтын немесе көңiл көтеретiн жер емес.

Қорғалатын аумақта жұмыс жүргiзу кезiндегi қауiпсiздiк

1. Электр жеткiзушi әуелiк сымдардың астында машиналардың қозғалуына тек қана тiрекке жақын, сымдар барынша салбырамаған орындарда тасымалдық жағдайда жол берiледi.

2. Қолданыстағы электр жеткiзушi желiлердiң астына автомашиналарды тұраққа қоюға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.

3. Егер, жұмысқа кiрiсе берген кезде, сiз үзiлген, салбырап тұрған немесе жерде жатқан электр сымын байқасаңыз, сондай-ақ зақымданған тiректi көрсеңiз тез арада бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның электр тораптары ауданына (ЭТА) немесе жергiлiктi билiк органдарына хабарлаңыз. Үзiлген сым аумғында жүру қайғылы зардаптарға алып келуi мүмкiн.

4. Тiптi жерде жатқан сымға жақындаған кезде де адам немесе машина электр тоғынан жарақат алуы мүмкiн. Сым - адам (машина) –жер – бұлар электр тоѕы өтетiн жолдар. Мынаны үнемi есте сақтау қажет: электр тоғына тиiп кету емес, тiптi электр жеткiзушi әуелiк желiнiң үзiлiп, жерде жатқан сымының жанынан 8-10 метрден өтудiң өзi өмiрге аса қауiптi.

5. Оқшаулағыш зақымданған кезде мынадай белгiлер болса, ӘЖ тiрегiнiң өзiнде кернеу болуы мүмкiн:

* топырақтан ылғалдық буланып шығуы;

* бағаналарда және тiектi жерге бекiту орындарында электр доғасының туындауы.

Мұндай тiрекке жақындаған жағдайда бiр адымдық кернеу аумағына түсесiз.

6. Жөндеу бригадасы келгенге дейiн жұмыс iстеуге кiрiспеңiз және сым түскен орынды тастап кетпеңiз, себебi бұл адамдар мен жануарлардың өмiрiне қауiптi, бұл орынды қоршау шараларын қарастырыңыз.

7. Тоқ жүретiн сымдарға көтергiш механизм немесе машинаның басқа бөлшектерi тиген жағдайда, автокөлiк жүргiушiсi барынша тез арада қатынасты үзiп, механизмнiң қозғалатын бөлiгiн тоқ жүретiн бөлшектен алып кету керек. Мынаны есте сақтау қажет: пневматикалық дөңгелектi машинаның және шынжыр табанды трактордың кабинасындағы жүргiзушi электр өрiсi потенциалында болады, бiрақ бұл қауiптi емес. Қауiптiлiктi адымдық кернеу немесе сым-машина-адам-жер қатынасы жасайды. Машина кабинасына кернеу түскен жағдайда, одан мынадай тәсiлмен шығу қажет:

жерге екi аяқпен, машина корпусына тиiп кетпей секiру;

табандар жерден ажырамай және табан астында ашылуды болдырмай (басқан аяқтың өкшесiн жерден көтермей, екiншi аяқтың басын жерге қою арқылы) екi аяқпен немесе адымдап секiрiп, кемiнде 8-10м қашықтықта қауiптi аумақтан шығу.

Тұрмыстағы электр қауiпсiздiк

1. Мыналарды бiлу қажет: 220кВ-тық тұрмыстық электр аспаптары және тасымалдық шамшырақтар жермен байланысы бар металл тұрбалар мен конструкциялардан алыс және тоқ өткiзбейтiн еденi (құрғақ ағаш) бар панажайларда пайдалануға ғана арналған.

2. Бiр мезгiлде электр аспаптарға және жермен жалғасқан қандай да бiр тұрбасымдарға, жылыту батарейлерiне, металл конструкцияларына тиiсуге болмайды, себебi электр аспабының оқшаулағышы зақымданған кезде адам өмiрiне қауiп келтiретiн тоқ адамның денесi арқылы өтедi.

4. Электр сымына қандай да бiр заттарды iлуге, сымдарды сырлауға және ақтауға, электр сымдарын түсқағаздармен желiмдеуге, шегемен сымдарды бекiтуге болмайды – бұл сымдардың оқшаулағыштарының бұзылуына алып келiп, электр тоғымен жарақаттануға жол ашады.

5. Электр сымдарының және электр бауларының оқшаулағышы жалаңаштанғанда, егер ол зақымданса, электр аспабын пайдалануға болмайды.

6. Қақпағы сынған қоңырау батырмаларын, электр ашаларын, ашалы розеткаларды, ажыратқыштарды пайдалануға болмайды.

7. Барлық жағдайларда қандай да бiр жұмыстарды: электр шамдарын ауыстыруды, ажыратқыштарды, розеткаларды, қоңырауларды және т.б. жөндеудi кернеу бар кезде жүргiзуге үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.

8. Электр энергиясына қосылып тұрған электр қыздырғыш аспаптарды қараусыз қалдыруға болмайды, оларды тез тұтанатын заттардан - столдардан, жапқыштардан, перделерден, шымылдықтан алыс орнату қажет.

9. Электр жабдықтардың металл корпустарын жерлендiру үшiн жылыту жүйесiнiң металл тетiктерiн пайдалануға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады, себебi жүйенi жөндеу жағдайында батарейдiң бiр бөлiгi кернеуде болуы мүмкiн.

10. Су қолмен жарық беретiн арматураға тиiсу өте қауiптi екендiгiн ешқашан ұмытпаған жөн.

11. Электр энергиясын пайдалану кезiнде мұқият болыңыз және қай жерде болсаңыз да электр қауiпсiздiгi ережелерiн қатаң сақтаңыз.

Халық үшiн электрмен жұмыс iстеу ережелерi

Көшеде:

* электр торабына өз бетiңiзше қосылмаңыз. Мамандарды шақырыңыз!

* Электр жеткiзушi желiлердiң салбырап тұрған, үзiлген, жерде жатқан сымдарына тиiспеңiз және оларға 8-10 метр қашықтыққа дейiн жақындамаңыз;

* үзiлген сым жаңбардан кейiн су ағашта iлiнiп тұруы мүмкiн. Мұндай ағашқа жақындау қауiптi.

* балаларға электр жеткiзушi әуелiк желiлердiң астында ойнауға, трансформатор будкаларының және бөлушi құрылғылардың есiктерiн ашуға, тiректерге шығуға, электр сымдары жақын тетiн үйлердiң және құрылыстардың шатырларына шығуға рұқсат етпеңiз;

* электр жеткiзушi әуелiк желiлердiң астына құрылыс салмаңыз және ағаш, шөп сақтамаңыз.

Үйде:

* электр сымын өзiңiз жөндемеңiз, электриктi шақырыңыз;

* бiр мезгiлде электр аспаптарына (ажыратқыштарға, розеткаларға, патрондарға) және жерге тұйықталған металл заттарға (жылыту батареяларына, су өткiзгiш және газ тұрбаларына) тиiспеңiз;

* электр торабына қосылып тұрған кофе қайнатқышты, шәйнектi су жүретiн шөлмектен суды толтырмаңыз;

* электр аспаптарын жөндеуге кiрiсуден бұрын кернеуден ажыратыңыз;

* шамды ауыстыруды шешсеңiз – ажыратқышты өшiрiңiз;

* балалар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, розеткаларды арнайы бiтегiштермен жабыңыз;

* электр аспабы ажыратылған болса да, қоректендiретiн баусымның ашасын розеткада қалдырмаңыз.

«АЖК» АҚ Сенiмдiлiктi бақылау және еңбек қорғау басқармасы.

FaLang translation system by Faboba