Жаңалықтар
«Трансформация» бағдарламасымен таныстыру рәсімі
- Толығырақ
- Жарияланды 12 Мамыр 2016
2016 жылдың мамыр айында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС бас кеңсесінде «Трансформация» бағдарламасымен таныстыру рәсімі өтті. Бағдарламаны көпшіліктің назарына «Самұрық-Энерго» АҚ «Трансформация» бағдарламасы өзгеріс блогының» басшысы Олжабайұлы Найзабек ұсынды, ол энергетика мамандарын аталмыш бағдарлама мақсатымен, электр энергетикасы саласының алдына қойылған міндеттермен және оны жүзеге асыру әдістерімен жан-жақты таныстырды. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС басшылығы, департамент басшыларынан құралған тыңдаушылар бағдарламамен мұқият және жете танысқан соң, электр қуатын қалыптастыру, тапсырыс берілген электр қуатының көлемі, оны үлестіру және түпкілікті сатып алушыға сату сияқты электрмен жабдықтау сараланымына қатысты негізгі мәселелерді қызу талқылады. Осы аталған бизнес үрдістер бір кездері бөлініп тасталған, алайда шын мәнісінде өзара тығыз байланысты, оларды қайта біріктіру де көптеген мәселелерді туындатады.
Таныстыру рәсімінің қызу пікірталасқа айналып кеткен кездері де болды, Трансформация бағдарламасының кейбір қырларына өндіріс мамандарымен қатар экономист, маркетинг зерттеушілері мен заңгерлер де аса қызығушылық танытты. Өзекті тақырыпты талқылау барысында Н.Олжабайұлы «Өзгеріс агенттері» пулын жергілікті жерлерде құру атты аталмыш бағдарламаның басты мәселелерінің бірін айтып өтті. Осы міндетке сәйкес әр еншілес кәсіпорын Трансформация бағдарламасын жете оқып-үйреніп, оның негізгі қағидаларын өндіріс ұйымына жеткізу үшін жас, келешегі бар мамандарды «Самұрық-Энерго» АҚ семинарларына жолдауы қажет. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін энергетика мамандарының салалық кәсіподағы және кәсіпорындардың жергілікті кәсіподағы тартылған.
Жалпы еліміздің экономикасының, соның ішінде саланың және кәсіпорынның дамуына тікелей қатысты осындай маңызды тақырыптарды ашық талқылау жақын болашақта оң нәтижені қамтамасыз ету керек.
Жұртшылықпен байланыс бойынша жалпы қызмет көрсету орталығы
