2016 жылдың 5 мамырында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының ғимаратында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен еңбек майданының қатысушыларының Жеңіс күніне арналған жиналысы өткізілді. Ардагерлер кеңесінің шақыруымен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің өкілдері жиналысқа қатысты. 

Ардагерлер жас ұрпақпен бастан кешкен қиын-қыстау кезең, қуаныш пен сұрапыл соғыстың аяқталғаны туралы жариялаған кездегі үлкен шаттыққа бөленгендері туралы ой бөлісті. Құрметті ардагерлердің алдында компанияның атынан бас директордың орынбасары С.Г. Аришев сөз сөйледі. Ол әскери ұрпақтың ерлігін, батырлығын, қайсарлығы мен төзімділігін, Ұлы Жеңіске қосқан баға жетпес үлестерін атай отырып, аға буын, жас ұрпақтың атынан ардагерлерге шексіз алғысын білдірді.

Жиналыстың қорытынды бөлімінде ардагерлерге «Жеңіс!» акциясының логотипімен азық-түлік пакеттері мен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қызметкерлерінен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Ардагерлер осындай игілікті істердің арқасында ұрпақтар сабақтастығының көрінісін атай отырып, компания қызметкерлеріне көңіл бөлгендеріне, көрсетілген қолдауларына шын жүректен шексіз алғыстарын білдірді.

2016 жылдың 6 мамырында «Поколение» қоғамдық қозғалысының кеңсесінде еңбек майданының қатысушыларын қолдауға бағытталған қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында соғыстың барлық ауыртпашылықтарын бастан өткергендерге азық-түлік пакеттері мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы мәліметтер бойынша Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының 653 ардагерлері мен еңбек майданының 23 000-ға жуық қатысушылары тұрып жатыр.

 Жұртшылықпен байланыс бойынша жалпы қызмет көрсету орталығы

   

FaLang translation system by Faboba