Жаңалықтар
Алматы қаласының электр энергиясы тұтынушыларының назарына!!!
- Толығырақ
- Жарияланды 29 Сәуір 2016
Соңғы уақытта алаяқтардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің саны жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін энергиямен жабдықтаушы ұйым «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің қызметкерлері деп таныстырып, тұтынушылардан (тұтынылған электр энергиясының қарызы мен басқа да бұзушылықтар) қолма-қол ақшаның ұсынуын талап етеді. Олардың кейбіреулері қандай да бір шарттардың орындалмағаны туралы айыппұл санкциялары бар жалған нұсқамаларды және шот-түбіртектер мен басқа да жалған құжаттарды ұсынуы мүмкін.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ресми түрде тұтынушыларына қандай да бір бұзушылықтар мен қызметтер үшін қолма-қол ақша қаражаттарын талап етпейтіндігі мен осындай іс-әрекеттер қорқытып алушылыққа жататындығы мен заңмен қудаланатынын хабарлайды.
Осындай фактілер анықталған жағдайда, жедел түрде әрекет ету үшін тұрғылықты мекенжайдың аумақтық тиесілілігі немесе 356-99-99, 356-99-00 телефон нөмірлері (тәулік бойы) бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің контакт-орталығына, сонымен бірге құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.
АЭЖБ-нің байланыс ақпараттары компанияның www.esalmaty.kz сайтында орналастырылған.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС әкімшілігі
