Жаңалықтар
Компанияда тұтынушыларға қызмет көрсетудің заманауи жүйесі енгізілуде
- Толығырақ
- Жарияланды 02 Қараша 2015

2015 жылдың 15 қазанынан бастап «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің № 6 АЭЖБ-де (Сейфуллин мен Тимирязев көш. қиылысы) клиенттердің тіркелуін автоматтандыру үшін «Кезекті басқарудың электронды жүйесі» (бағдарламалық-аппараттық кешен) енгізілді.
Кезекті басқарудың электронды жүйесі қызмет көрсетудің неғұрлым жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, тұтынушы мен персонал үшін қолайлы жағдай қалыптастырады. Тұтынушы өз сауалдары бойынша керекті маманмен тікелей байланыста нақты жауаптар ала алады. Аталған жүйе энергиямен жабдықтауда, тұтынушылармен есеп айырысуда күнделікті туындайтын өзекті мәселелерді іріктеп, бақылауға алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қызмет көрсетудің сапасы мен компания мамандарының қызмет атқару нәтижелерін қадағалауды қамтамасыз етеді.
Кезекті басқарудың электронды жүйесі арқасында компанияның аудандық бөлімшелер жұмысын жетілдіру, мамандар мен тұтынушылар қарым - қатынасы процесін оңтайландыру мақсаттары орындалады.

