2015 жылдың 01 қазанынан бастап Контакт-орталығының қызметіне қосымша Алматы қаласының Әкімдігі жанындағы бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметімен (БКДҚ) өзара әрекеттестілігі енгізілуде. Қазіргі таңда байланыс каналдарын техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

БКДҚ-не қаланың кез келген ауданында кернеудің болмауы немесе апаттық жағдай туралы тұтынушылардың өтінімі келіп түскен жағдайда ақпарат шұғыл түрде Контакт-орталығына жеткізіледі. Контакт-орталығы өзінің байланыс құралдары арқылы «АЖК» АҚ-ның диспетчерлерінен ақпаратты алғаннан кейін БКДҚ-не апаттық жағдайдың себептері және оны болдырмас үшін ағымдағы жұмыстары туралы хабарлайды.

БКДҚ-мен бірлесе отырып атқарылған жұмыс тұтынушылар, энергиямен жабдықтаушы компаниялар мен жергілікті билік органдары арасында ақпаратпен алмасуды толық қамтамасыз етеді. Бұл Контакт-орталығы қызметінің тиімділігін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

 

FaLang translation system by Faboba