Жаңалықтар
«Самұрық-Энерго» компаниясы қызметкерлері арасында өткен ІІІ спартакиада өз мәресіне жетті
- Толығырақ
- Жарияланды 18 Қыркүйек 2015
Астанада «Самұрық-Энерго» компаниясы қызметкерлері арасында өткен ІІІ спартакиада өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған жарыста командалар жақсы нәтиже көрсетіп, тартысты бәсеке ұйымдастыра білді.
Спартакиадаға келген әрбір ұжым жеңіс үшін барын салды. Мақсаты – компания қызметкерлерінің арасында корпоративтік рухын нығайту. Салауатты өмір салтына баулы болып табылатын ІІІ спартакиада ойындарына биыл 13 команда қатысқан еді.
Жарыстың бірінші күні барлық командалар іріктеу турынан өтіп, финалға жолдама алды. Ал Спартакиада ойындарының екінші күні спорттың 5 түрінен ең мықты командалар анықталды.
Спартакиадаға қатысқан командалар арасынан озып шыққан «Богатырь Көмір» командасы үшінші жыл қатарынан бас жүлдені ұтып алды. 2-орынды «Екібастұз ГРЭС-1 Станциясы» ЖШС алса, 3-орынды Алматылық «Алматы Электр Стансалары» АҚ-ның командасы иеленді.
Жалпы есепте V орын алған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның командасы волейбол бойынша қарсыластарына дес бермей, бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің командасы да үздік нәтиже көрсетіп, 13 қатысушылардың ішінде шахматтан 6-орын алып, жалпы есепте 9-орынға ілікті.
Жеңімпаз атанған командалар мен ұжымдар димпломдармен бірге ақшалай сыйақыға ие болды. Енді дәл осы үздік шыққан командалардың спортшылары іріктеліп, алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» қоры өткізетін спартакиадада «Самұрық-Энерго» құрамасының намысын қорғайды.
