Жаңалықтар
«Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы ІІІ Спартакиада ашылды
- Толығырақ
- Жарияланды 17 Қыркүйек 2015
Бүгін 16 қыркүйек күні Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің спорттық кешенінде «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін компаниялар тобының қызметкерлері арасында өтетін ІІІ Спартакиадасы ашылды. Сайыстың ашылу рәсімі салтанатты шағын концертпен басталып, «Энергетиктер кәсіподағы федерациясы» БО кеңесінің төрағасы Ораз Бекбас мырзаның құттықтау сөзімен жалғасты. Сондай-ақ, О.Бекбас мырза барлық командаларға сәттілік тіледі.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының бас бәйгесін алуға 13 команда қатысуда. ІІІ Спартакиада ойындарында Алматылық «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «Алматы электр станциялары» АҚ сынды компаниялар да бағын сынауда. Олар спорттың бес түрінен: мини-футбол, волейбол, қол күрестіру, үстел теннисі және шахматтан өзара сайысқа түсуде.
Спартакиада жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен және қола, күміс, алтын медальдармен марапатталады. Сондай-ақ, ең басты жүлде - «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының алтын кубогы. Спартакиада ойындарына қатысушы Алматылық «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «Алматы электр станциялары» АҚ командаларына тек сәттілік және жеңіс тілейміз!
