Жаз - демалыс уақыты

Осы жазда «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жұмыскерлерінің «Жас Қуат» кәсіподағы тағы да өз қызметкерлерінің балаларының демалысына қамқорлық жасады. Кәсіподақ мүшелері өткен жылғыдай  балаларға арналған «Бригантина» жазғы сауықтыру лагеріне жолдама жасады. Бірінші  кезең 22 маусымда,  ал екінші кезең 6 шілдеде басталды.

Лагердің өзі Қапшағай су қоймасы маңында орналасқан. Көршідегі «Желкенді қайық спорты түрінен ҚР Олимпиадалық резервтегі базасы» желкенді қайықпен балаларға Қапшағай су кеңістігінде серуендеу ұйымдастырады. Сонымен  қатар,  балаларға керемет ойын-сауық бағдарламасы ұсынылған: түрлі спорттық және топтық ойындар, суға шомылу, кешкі астан соң би кеші және т.б. қызықты шаралар өткізіледі.

Қала балаларының көбінесе интеллектуалды ойындар ойнап, көп уақытын теледидар алдында өткізетінін ескере отырып, лагерь әкімшілігі дене шынықтыру ойын-сауықтарына көп көңіл білдірген, сонымен қатар міндетті түрде тәңертеңгі гимнастика жаттығулары өткізіледі. Маусымның соңғы күнінде кешкісін лагерлік дәстүр бойынша костер жағылып,  қоштасу кеші өтеді.

Лагерь ыңғайлы шағын телімінде жайылып, ауласы көгалдандырылған, оған қоса би мен ойындарға арналған алаңқайы  және арнайы волейбол алаңы да бар. 2 қабатты тынығу ғимараты  42 адамға арналып салынған. Балалар ыңғайлы ағаш сөре, үстелдермен  жабдықталған  екі-үш кісілік бөлмелерге жайғастырылған. Дәмді, әрі тойымды дайындайтын асханасы 4 мезгіл ас ұсынады. Балалар ұйымдастырылған түрде күніне 2 рет, яғни таңертең және кешке суға шомылады. Қауіпсіздігін қадағалайтын кәсіби су құтқарушылары мен тәлімгерлер суда тұрақты бақылау жүргізеді.

Балалар демалысына ризашылығын ауыз толтыра айтып, келесі маусымға қайтып келгілерін жасырмады. «Мөлдір су мен күн шуақ - нағыз бізге жайлы шақ!!!» деген тақпақ сөздері осы лагердің ұранына айналды.

FaLang translation system by Faboba