Үстіміздегі жылдың 1-маусымында шыққан нәтижелерге байланысты «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мен жергілікті билік өкілдерінің араласуымен  Талғар ауданының   бірқатар жеке меншік секторларында  тексеріс жұмыстары жүргізілді. 01.06.2015 жылғы есеп бойынша жалпы қарыз  сомасы 181 830 000 теңгені құраған болатын.  Сол жолғы шаралардан соң жоғарыда аты аталған мекемелер 18 мен 26 маусым  аралығында тағы да тексеріске шығып кезекті нәтежесін көрсетті.

Төлемдер бойынша қарызы бар ауылдар төмендегідей:

Жаңа Қуат «Там Құрылыс» ЖШС коттедж қалашығы 

24.06.2015-26.06.2015 ж. рейд барысында:

  • Өтелген төлеақылар -1 275 075теңге;
  • Энергияжабдықтаудан ажыратылғандар -32 абонент, қарызды сомасы -  1 190 722 теңге;
  • 48 тұтынушыға төлемақы өтеу қажеттігі жөнінде хабарланды;

Электрлі қуат көзіне  Жаңа қуат «Там Құрылыс» ЖШС коттедж қалашығынан маусым айында жалпы 4 824 930 теңге сомасында төлем түсті.

Думан «Град Плюс» ЖШС тұрғын үй кешені

25.06.2015 ж. тексерісте:

  • 58 тұтынушыдан 496 857  теңге төленді;
  • 24 тұтынушы 318 274 теңге сомасын төлемеген;
  • 54 тұтынушыға ескертілді;

Еркін ауылы тұрғын үй кешені

26.06.2015 ж. тексерісте:

  • Төлегендер – 18 абонент, өткізілген төлемақы сомасы - 435 058теңге;
  • Электрқуатынан ажыратылғандар – 21 абоент, қарызды сомасы - 538 801 теңге;
  • 19 тұтынушыға төлем өткізу жөнінде ескертілді; 

Маусым айында жүргізілген тексерістер барысында Еркін ауылы тұрғын үй кешенінен  электрқуатымен жабдықтау  төлеміне 3 416 997теңге түсті.

Нұра ауылы тұрғын үй кешені

  • Төлегендер -35 абонент, өтелген сомасы - 864 810 теңге;
  • Ажыратылған абоненттер - 54, қарызды сомасы-2 834 126 теңге;
  • 38 тұтынушы төлем өтеу жөнінде ескертілді;

Маусым айында жүргізілген тексерістер барысында Нұра ауылынан электрлі қуат көзі төлеміне 3 249 234теңге түсті.

Еске сала кетейік, бұрын соңды тұтынушыларды «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен келісілген өзара шарттары болмағанына байланысты әр үйді бөлегінен электр қуат көзінен ажыратуға   мүмкіншілік болмаған.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ  мекемелері тұрғындардың тиісті төлемақы өткізу белсенділігіне алғыс білдіреді! Сонымен қатар,қарызы бар  ауылдар мен елді мекендердің мәселелерімен айналысу жұмысы өз жалғасын алуда.

FaLang translation system by Faboba