Энергожүйесiнiң ұзақ жылдар бойы тұрақты қызметіарқасындабiз электр қуаты игiлiгінебарынша үйренiп кеттiк. Ол бiзге жылу, жарық, жайлылық бередi. Бiз кейде немғұрайлықтаныта отырып, электр тоғының қандай қауiп-қатер келтiретiнiн елемей кетiп жатамыз. Қолданыстағы электр құрылғыларымен жанасунәтижесiнде адамдардың электр тоғынан жарақаттану жағдайлары да жиi кездеседі. Сондықтан

Электр құрылғылар жанындағы тәртiпережелерiн еске саламыз

1. Бөгде тұлғалардың электр желілік ғимараттар бөлмелері мен телімдеріндеболуына, электр тораптарында өз бетiнше ауыстыру-қосу жұмыстарын жүргiзуiне тыйым салынады, Электр құрылғылардың қоршалған есiктерiн ашуға және арнайы бөгеттер мен қоршауларға кiруге тыйым салынады. Мұндай әрекеттер апатты зардаптарғасоқтыруы мүмкiн.

 2. Әуелiк желiлер сымдарының және олардан ғимаратқа кiретiн тармақтарыастына қандай да бiр құрылыстар салуға, ағаш-отын үйіп, сабан жинауға, от жағуға болмайды.

3. Салбырап тұрған, сондай-ақжерге түсіп үзiлген сымдарды, электр құрылғылардың есiктерi мен қақпақтары ашық екендiгiн, сонымен қатар тiрек бағаналары зақымданғанын байқаған жағдайда, бұл туралы электр желісі ауданына тез арада хабарлау қажет. Жерге түскен сымның айналасын 8-10 метр радиуста қоршап, күзет қойып және апаттық бригада келгенге дейiн ешкiмдi жақындатпау қажет. Үзілген жалаң сымға жанасу өлімге әкелуі мүмкін.

 Балалар қауiпсiздiгi

1. Электр тоғымен жарақаттану қауіпi туралы балаларға әрдайым ескертiп отырыңыз және оларға электр жеткiзушi желiлердiң тiректерiне шығуға, сымдар мен коммуникациялар бар, тұрғындық үйлердiң техникалық жертелісiне немесе трансформаторлыққосалқы станцияларға кiруiне тыйым салыңыз. Әдеттегідей (Ережелерге сай), бұл электр құрылғыларында электр қауiпсiздiгi бойынша сақтандыру белгiлерi және тиiстi плакаттар iлiнедi. Барлық белгiлер мен плакаттар тұрғындардыэлектр тоғымен жарақаттану қауіпiнің бар екендiгiн ескертедi. Бұл белгiлер мен плакаттарды ескермей,елемей қоюға болмайды – олар сіздің өмiріңізге төніп тұрған нақтықауіп-қатер жөнінде ескертеді.

2. Балаларға тоқ жүретiн сымдарға сым немесе басқа да заттарды лақтыруға болмайтынын, оқшаулағыштарды сындыруға, үй кiреберiстерiнде тұрған ендiрме қалқандарын, баспалдақтағы электр қалқандарын ашуға болмайтынын ескертiңiз. Өз балаларыңызға электр тоғына ұшырау қауiп қатерін жеткізіп айтып сендіріңіз. Қолданыстағы электр құрылғылар көңіл көтеріп, ойын сауық құратын орын емес екендігін ұқтырыңыз.

Қорғалатын аумақтарда жұмыс жүргізу кезiндегi қауiпсiздiк

1. Электр жеткiзушi әуелiк сымдардың астындағы автокөлік қозғалысы тек қана көліктік қалыпында, тірекке жақын, сымдардың неғұрлым аз салбыраған орындарында ғана жол беріледі.

2. Қолданыстағы жоғарыкернеулі) электр жеткiзушi желiлердiң астына автомашиналарды тұраққа қоюға қатаң тыйым салынады.

3. Егер жұмысқа кiрiсу басындасiз үзiлген, салбырап тұрған немесе жерде жатқан электр сымын байқасаңыз, сондай-ақ зақымданған тiректi көрсеңiз тез арада бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның электр тораптарыауданына (ЭТА) немесе жергiлiктi билiк органдарына хабарлаңыз. Үзiлген сым маңайықауіп төндіріп,қайғылы зардаптарға алып келуi мүмкiн.

4. Тiптi жерде жатқан сымға жақындаған кезде де адам немесе машина электр тоғынан жарақат алуы мүмкiн. Сым – адам(машина) – жер – бұлар электр тоғын тартатын жолдар. Мынаны үнемi есте сақтау қажет: электр тоғына жанасу түгіл, тiптi электр жеткiзушi әуелiк желiнiң үзiлiп, жерде жатқан сымының жанынан 8-10 метрден өтудiң өзi өмiрге аса қауiптi.

5. Оқшаулағыш зақымданған кезде ӘЖ тiрегiнiң өзiмынадай белгілер бойыншажоғары кернеу астындаболуы мүмкін:

* топырақтан ылғалдыңбуланып шығуы;

* бағаналарда және тiректi жерге бекiту орындарында электр доғасының туындауы.

Мұндай тiрекке жақындаған жағдайда бiр адымдық кернеу аумағына түсесiз.

6. Жөндеу бригадасы келгенше жұмысқа кiрiспеңiз және сым түскен орынды тастап кетпеңiз, себебi бұл адамдар мен жануарлардың өмiрiне қауiптi, бұл орынды оқшап, қоршау әрекетін жасаңыз.

7. Тоқ жүретiн сымдарға көтергiш механизмі немесе машинаның басқа бөлшектерi тиген жағдайда, көлік жүргiзушiсі механизмнiң қозғалатын бөлiгiн дереу түрде сымнан ажыратып, ток астындағы нысандардан неғұрлым алшақтатуға тиіс. Мынаны есте сақтау қажет: пневматикалық дөңгелектi машинаның және шынжыр табанды трактордың кабинасындағы жүргiзушi электр өрiсi потенциалында болады, бiрақ бұл қауiптi емес. Қауiптiлiктi қадамдық кернеу немесе сым-машина-адам-жер қатынасы жасайды. Машина кабинасына кернеу түскен жағдайда, одан мынадай тәсiлмен шығу қажет:

, машина корпусынжанамай,жерге екi аяқпен секiріп түсу қажет;

қос аяқпен секіріп, немесе табандарын жерден ажыратпай және екі аяқ арасын ажыратпай (басқан аяғын жерден көтермей, өкшесіне екiншi аяқтың басын қосып адымдау әрекетімен), қауiптi аумақтан кемінде 8-10 м қашықтыққа алшақтау керек.

Тұрмыстағы электр қауiпсiздiк

1. 220кВ-тық тұрмыстық электр аспаптары және тасымалдық шамшырақтар ылғал жермен жанасатын металл құбырлары мен құрылымдардан  алшақ ұстауға, сонымен қатар, тоқ өткiзбейтiн еденi бар (құрғақ ағаштан)бөлмелерде ғанапайдалануға ғана арналатынын білу қажет.

2.Электр аспаптарын және жермен жанасатын құбыр желілері, жылыту батареялары сияқты металл құрылымдарынбірдейұстауға болмайды, себебі электр аспабының оқшаулануының зақымдануы кезінде адам денесі бойынша өміргеғ қауіпті тоқ өтуі мүмкін.

4. Электр сымына қандай да бiр заттарды iлуге, сымдарды сырлауға және ақтауға, электр сымдарын түсқағаздармен желiмдеуге, шегемен сымдарды бекiтуге болмайды – бұл сымдардың оқшаулағыштарының бұзылуына алып келiп, электр тоғымен жарақат алу қауіпін тудырады.

5. Оқшаулағышы зақымданып, электр сымдарыжалаңаштанған электр аспабымен пайдалануға болмайды.

6. Қақпағы сынған қоңырау түтіктерін, электр ашаларын, ашалы розеткаларды, ажыратқыштарды пайдалануға болмайды.

7. Барлық жағдайларда кернеу бар кезде қандай да болсын: электр шамдарын ауыстыру, ажыратқыштарды, розеткаларды, қоңырауларды және т.б. құралдарды жөндеу жұмыстарын жүргiзуге үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.

8. Электр энергиясына қосылып тұрған электр қыздырғыш аспаптарды қараусыз қалдыруға болмайды, оларды тез тұтанатын заттардан - үстелдерден, жапқыштардан, перделерден, шымылдықтан алшақ орнату қажет.

9. Электр жабдықтардың металл корпустарын жерлендiру үшiн жылыту жүйесi металл бөлшектерін пайдалануға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады, себебi жылу жүйесін жөндеу кезінде батареяның бiр бөлiгi кернеу астында болуы мүмкiн.

10. Су қолмен жарық беретiн арматураға тиiсу өте қауiптi екендiгiн ұмытпаған жөн.

11. Электр энергиясын пайдалану кезiнде мұқият болыңыз және қай жерде болсаңыз да электр қауiпсiздiгi ережелерiн қатаң сақтаңыз.

Халық үшiн электрмен жұмыс iстеу ережелерi

Көшеде:

* электр торабына өз бетiңiзше қосылмаңыз. Мамандарды шақырыңыз!

* Электр жеткiзушi желiлердiң салбырап тұрған, үзiлген, жерде жатқан сымдарына тиiспеңiз және оларға 8-10 метр қашықтыққа дейiн жақындамаңыз;

* үзiлген сым жаңбырдан кейiнгі су ағашта iлiнiп тұруы мүмкiн. Мұндай ағашқа жақындау қауiптi.

* балаларға электр жеткiзушi әуелiк желiлердiң астында ойнауға, трансформатор будкаларының және бөлушi құрылғылардың есiктерiн ашуға, тiректерге шығуға, электр сымдарына жақын орналасқан үйлердiң және құрылыстардың шатырларына шығуға рұқсат етпеңiз;

* электр жеткiзушi әуелiк желiлердiң астына құрылыстарды салмаңыз және ағаш-отын, жем-шөпүймеңіз.

Үйде:

* электр сымын өзiңiз жөндемеңiз, электрик маманын шақырыңыз;

* бiр мезгiлде электр аспаптарына (ажыратқыштарға, розеткаларға, патрондарға) және жерге тұйықталған металды заттарға (жылыту батареяларына, су өткiзгiш және газ құбырларына) тиiспеңiз;

* электр торабына қосылған кофе қайнатқышқа, шәйнекке су құбырынан суқұймаңыз;

* электр аспаптарын жөндеуге кiрiсуден бұрын кернеуді өшіріңіз;

* шамды ауыстыратын болсаңыз – ажыратқышты өшiрiңiз;

* балалар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн розеткаларды арнайы бiтеуiштермен жабыңыз;

* электр аспабыөшірілген болса да, розеткада қуат сымның ашасын қалдырмаңыз.

«АЖК» АҚ Сенiмдiлiктi бақылау және еңбек қорғау басқармасы.

 

FaLang translation system by Faboba