Ұлы Отан соғысының 70-жылдық мерейлі Жеңіс тойының жақындауына байланысты бүкіл ел осы Мерекені шын жүректен атап өтуге дайындалуда.

«АлматыЭнергобыт» ЖШС ұжымы үшін Жеңіс күні – еліміздің тарихында ғана емес, біздің жүректерімізде жазылған Ұлы Күн. Аталмыш акцияны өткізу арқылы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өз атынан және «Самұрық-Энерго» АҚ ұжымының атынан аға буын – Ұлы Отан соғысы жеңімпазына тағзым етіп, құрмет білдіреміз.

Бұл ұлы мерейтойға арнап, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «АРДАГЕР  -  Мәңгі Даңқ!» акциясын дайындап жатыр. Акция аясында Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне электр энергиясы үшін төлемдерге жеңілдіктер беру қарастырылған.

2015 жылдың 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығында «АлматыЭнергоСбыт» қызмет ету аумағында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қаражаттарының есебінен айына 70 кВтсағ электр энергиясын төлеуден босатылады. Осы кезеңде, яғни ағымдағы жылдың соңына дейін ардагерлер тек осы көлемнен артық тұтынылған электр энергия үшін ғана төлем жүргізеді.

Компанияның сайтында (www.esalmaty.kz) зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік Орталықтың қалалық және облыстық филиалдарында, ардагерлер Кеңестерінде жеңілдік алушы-тұтынушылар тізімі орналастырылады. Біз осы акцияны дайындауға қатысқан және жәрдемдескен барлық ұйымдарға  алғысымызды білдіреміз.

Алматы қаласы бойынша ҰОС ардагерлерінің тізімі

Алматы облысы бойынша ҰОС ардагерлерінің тізімі

FaLang translation system by Faboba