Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды  реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің «KEGOC» АҚ электр желісіндегі электр қуатын жеткізу қызметінің шекті тарифінің өзгеруі туралы хабарламаcына байланысты, «АлматыЭнергоСбыт»  ЖШС Алматы қ. мен Алматы облысы өңірінің  тұтынушыларына электр энергиясына 2015 жылдың  01 сәуірінен тарифтің төмендегенін хабарлайды.

Электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын электр энергиясының тұтыну көлеміне байланысты есеп-айырысатын тұтынушылар үшін (12% ҚҚС санағанда):

  • Бірінші деңгейлі тариф – 1 кВтсағ үшін 15,39 теңге;
  • Екінші деңгейлі тариф – 1 кВтсағ үшін 20,85 теңге;
  • Үшінші деңгейлі тариф – 1 кВтсағ үшін 26,08 теңге.

Тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтің мөлшерлемесі төмендегідей:

Үш зоналық есептеу жүйесі бойынша есеп-айырысатын тұтынушылар үшін (ҚҚС санамағанда)

  • тарифтің күндізгі мөлшерлемесі (сағат 7-00 бастап сағат 19-00 дейін) –

1 кВтсағ үшін 15,51 теңге;

  • максимум сағаттарында тарифтің мөлшерлемесі (сағат 19-00 бастап сағат 23-00 дейін) – 1 кВтсағ үшін 32,53 теңге;
  • түнгі тарифтің мөлшерлемесі (сағат 23-00 бастап сағат 7-00 дейін) – 1 кВтсағ үшін 4,35 теңге.

Екі зоналық есептеу жүйесі бойынша есеп-айырысатын тұтынушылар үшін (12% ҚҚС санағанда)

  • тарифтің күндізгі мөлшерлемесі (сағат 7-00 бастап сағат 23-00 дейін) –

1 кВтсағ үшін 22,29 теңге;

  • түнгі тарифтің мөлшерлемесі (сағат 23-00 бастап сағат 7-00 дейін) – 1 кВтсағ үшін 4,87 теңге.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясына босату тарифінің негізгі құрамы: көтерме нарықтағы электр энергиясының бағасы, өңірлік және өңіраралық желілер бойынша тасымалдау тарифіне байланысты. Сондықтан, электр көздеріндегі кез келген баға өзгерістері «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушылары үшін тарифтің өзгеруіне әкеледі.   

Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша

Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы

 

2006 жылдың қараша айынан  «АлматыЭнергоСбыт»ЖШС электр энергиясымен қамсыздандыру бойынша тиісті тауарлы нарығында басымдық жағдайға ие болатын нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген  және электр энергиясының жеткізушісі болып табылады, Алматы қаласы мен Алматы облысы өңірінің 2,3 миллион тұрғындарын және 26 мыңнан астам кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. 

FaLang translation system by Faboba