Жаңалықтар
«АЖК» АҚ қызметкерлері Елбасының Жолдауын талқылады
- Толығырақ
- Жарияланды 12 Наурыз 2015
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауының мазмұны мен басым бағыттарын мақсатты түрде түсіндіру жұмыстары бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жиын өткізді. Жиынға БАҚ өкілдерімен қатар Киров атындағы машина жасау заводының бас директорының кеңесшісі – Ю.Скоробогатова, «АЖК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары-бас инженер С.Кұлбаев және «АЖК» АҚ –ның 110 қызметкері қатысты.
Жиынның алғы сөзін С.Кұлбаев бастап, Ю.Скоробогатова және компания қызметкері С.Жалғасбаев баяндамамен жалғастырды.
Жолдауды талқылау барысында кездесуге қатысушылар да жолдауға қатысты пікірлерімен бөлісіп, жылы тарқасты.
