Жаңалықтар
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның 2015 жылдың 01 наурызынан заңды тұлғалардан (өнеркәсіптік, коммерциялық ұйымдар) электр энергиясына алдын ала 100% төлем алынбайтыны туралы мәлімдемесі
- Толығырақ
- Жарияланды 05 Наурыз 2015
Қазіргі уақытқа дейін субъектілер арасында электр энергиясын өндіру, табыстау мен тарату төмендегі схема арқылы жүргізілді:
- отын ресурстарын (көмір, табиғи газ, мазут, транспорттық шығындар) жеткізушілерге төлем алдын ала төленетіндіктен, энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын тұтынушыларға төлем 100% төлеген жағдайда босатылады.
- энергия табыстаушы ұйымдар электр энергиясына 100% алдын ала төлем төленгенде босатылады;
- энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын өндіруші ұйымдардың шарты бойынша қызметтеріне 100% алдын ала төлем төлеу арқылы сатып алады.
Электр энергиясын тұтынушылармен энергиямен жабдықтау Шарты жасалғанда, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ҚР Азаматтық кодексінің 488 бабының 2 Тармағын басшылыққа алған: «Энергияны есептеу тәртібі заңнамамен немесе тараптардың келісімімен анықталады». Электр энергиясын тұтынушыларына жолданған шарттардың барлық оферталары келісіліп, қол қойылып қайтарылды.
Электр энергиясын тұтынушылар: жеке және заңды тұлғалар категорияларына бөлінеді. Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Коммерциялық емес заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың тәртіптері қолданылады. Жеке тұлғалар (халық) электр энергиясының көлемі үшін төлемді есеп айырысудан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей жүргізеді. Осы коммерциялық емес заңды және жеке тұлғалар төлемді бір ай кідіріп жүргізетіндіктен, энергиямен жабдықтау қызметтері осы категория тұтынушыларына алдын ала төлемсіз, несиеге қызмет көрсетті.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-да коммерциялық ұйымдардың электр энергиясын тұтынып, бірақ, төлем төлемей, өзін банкрот болып жариялаған жағдайларда кездесті. Қарыздар «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС есебінде қалып отырды.
Сонымен қатар «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-да тұрақты кейбір кәсіпорындар уақтылы тұтынылған электр энергиясын айдың соңына дейін төлеу тәртібіне ауыстырылды.
Кейбір кәсіпорындар алдын ала төлемді 100%төлеуден бас тартқан жағдайда, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС энергиямен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету үшін екінші деңгейлі банктерден несие алуға мәжбүр болды.
Осыған байланысты, электр энергиясын жеткізушілерге, электр энергиясын электр желісімен табыстауға қажетті сома 7 млрд. теңгені құрайды. Екінші деңгейлі банктер 23% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 2 млрд. теңгеге дейін немесе шет ел валютасында несие береді. Бірақ ҚР ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Департаменті тарифті бекіту кезінде несиелік қызметтердің үстеме ақысын есептемейді.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға қарағанда, жаңадан құрылған коммерциялық кәсіпорындарға бизнесті дамытуға несие алу жеңілірек.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның нақты көлем үшін төлем алуға қатысты хатына энергия өндіруші және энергия табыстаушы ұйымдардан қарсы жауап алынды.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясына алдын ала төлемді 100%-ке жойған жағдайда, тәуекелге ұшырауы мүмкін:
1 электр энергиясын тұтынушылар тұтынылған электр энергиясына төлеуді бір ай кейде бірнеше ай кейінірек төлейді, дебиторлар туралы айтудамыз;
2 егер екінші деңгейлі банк қажетті соманы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға несиеге бермесе, Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағын энергиямен үздіксіз жабдықтауға қауіп төнеді.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, осы мәселені ауқымды түрде және заңнамалық деңгейде қарастыру керек депсанаймыз.Несиелік ресурстар қызметтерініңкомиссиялық шығындары энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тарифінің құрамына қосылсын. Әйтпесе, ҚР энергия жабдықтаушы ұйымдары шарасыз банкроттыққа ұшырайтыны сөзсіз.
Анықтама:
Алматы мен Алматы облысы аймағында 26 мыңнан астам заңды тұлғалар және 720 мың жеке тұлғалар бар.
ЖҚКО – Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы(ЖҚКО).
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - Алматы қ. және Алматы облысындағы электр энергиясын жабдықтаушы.
«Алматы Электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қ. және Алматы облысы үшін электр энергиясы мен жылу өндіретін компания.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ) – Алматы қ. және Алматы облысындағы элекр энериясын табыстау мен тарату жөніндегі үлкен компания.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдар «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.
Байланыстар:
ЖҚКО директоры: Найзабек Олжабайұлы
Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы(ЖҚКО) This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,
тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05 ұялы тел.: +7 701 718 82 38
