Жаңалықтар
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясы үшін түбіртектердің формасын өзгертті
- Толығырақ
- Жарияланды 05 Наурыз 2015
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушылардың тілетктерімен сарапшылардың ұсыныстарын ескеріп, 2015 жылдың наурызынан бастап электр энергиясы үшін шот-түбіртектерге өзгерістер енгізді
Электр энергиясы үшін тұтынушыға бұрынғыдай таңдау жасау құқығы ұсыналады:
- Бірінші тармақ
есептеу аспабының көрсеткіштеріне байланысты, төлеу сомасын өз бетімен есептеуге, тармақ «өз бетімен толтырылады»
- Екінші тармақ
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ( «АЖК» АҚ) энергия тасымалдаушы ұйымының жазып алған көрсеткіштері бойынша ақпарат көрсетіледі, «АЖК АҚ көрсеткіштерін жазып алуы» жолы, олар түзету шотын есептеуге негіз болып табылады.
Ай сайын тұтынылған күндері мен тұратын адамдар санын есепке ала отырып.
Тұтынушы өз бетімен түбіртекті толтырған жағдайда есептеу аспабының көрсеткіштермен төлем сомасын есептеуі қажет. «АЖК» АҚ-ның жазып алған көрсеткіштері бойынша түзету шотын төлегенде, төлем сомасын «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС шоттың артқы жағында жазып көрсетеді.
Пайдаланған электр энергиясының көлемін анықтау «АЖК» АҚ көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
Тұтынушы жазып алынған көрсеткіштердің деректерге сәйкес болуын қадағалауға құқылы.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушылардың пікірлеріне мән беріп, электр энергиясы үшін есеп-айырысудың жүйелерін үнемі жетілдіп, тұтынушылар үшін төлем қызметін көрсетудің анағұрлым қолайлы стандарттарды енгізуде.
Анықтама:
Алматы мен Алматы облысы аймағында 26 мыңнан астам заңды тұлғалар және 720 мың жеке тұлғалар бар.
ЖҚКО – Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы(ЖҚКО).
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - Алматы қ. және Алматы облысындағы электр энергиясын жабдықтаушы.
«Алматы Электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қ. және Алматы облысы үшін электр энергиясы мен жылу өндіретін компания.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ) – Алматы қ. және Алматы облысындағы элекр энериясын табыстау мен тарату жөніндегі үлкен компания.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдар «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.
Байланыстар:
ЖҚКО директоры: Найзабек Олжабайұлы
Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы(ЖҚКО) This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,
тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05 ұялы тел.: +7 701 718 82 38
