Жаңалықтар
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Алматы қ. мен Алматы облысы өңірінде электр энергиясына тарифтің төмендеуі туралы
- Толығырақ
- Жарияланды 05 Наурыз 2015
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2015 жылғы 30 қаңтардағы және «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ-ның 2015 жылғы 26 ақпандағы электр энергиясына босату бағасының өзгеруі туралы хабарламаларына байланысты, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қ. мен Алматы облысы өңірінің тұтынушыларына электр энергиясына 2015 жылдың 01 ақпанынан тарифтің төмендегенін хабарлайды.
Алматы қ. мен Алматы облысы өңірінің тұтынушылары үшін электр энергиясына экономикалық негізделген тариф ҚҚС санамағанда 1 кВтсағ үшін 15,52 теңге құрайды (1 кВтсағ үшін 17,38 теңге 12% ҚҚС санағанда).
Тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтің мөлшерлемесі төмендегідей:
үш зоналық есептеу жүйесі бойынша есеп-айырысатын тұтынушылар үшін (ҚҚС санамағанда)
- тарифтің күндізгі мөлшерлемесі (сағат 7-00 бастап сағат 19-00 дейін) –
1 кВтсағ үшін15,52 теңге;
- максимум сағаттарында тарифтің мөлшерлемесі (сағат 19-00 бастап сағат 23-00 дейін) – 1 кВтсағ үшін 32,54 теңге;
- түнгі тарифтің мөлшерлемесі (сағат 23-00 бастап сағат 7-00 дейін) – 1 кВтсағ үшін 4,36 теңге.
екі зоналық есептеу жүйесі бойынша есеп-айырысатын тұтынушылар үшін (12% ҚҚС санағанда)
- тарифтің күндізгі мөлшерлемесі (сағат 7-00 бастап сағат 23-00 дейін) –
1 кВтсағ үшін 22,30 теңге;
- түнгі тарифтің мөлшерлемесі (сағат 23-00 бастап сағат 7-00 дейін) – 1 кВтсағ үшін 4,88 теңге.
электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын электр энергиясының тұтыну көлеміне байланысты есеп-айырысатын тұтынушылар үшін (12% ҚҚС санағанда):
- Бірінші деңгейлі тариф – 1 кВтсағ үшін 15,40 теңге;
- Екінші деңгейлі тариф – 1 кВтсағ үшін 20,87 теңге;
- Үшінші деңгейлі тариф – 1 кВтсағ үшін 26,10 теңге.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясына босату тарифінің негізгі құрамы: көтерме нарықтағы электр энергиясының бағасы, өңірлік және өңіраралық желілер бойынша тасымалдау тарифіне байланысты. Сондықтан, электр көздеріндегі кез келген баға өзгерістері «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушылары үшін тарифтің өзгеруіне әкеледі.
Анықтама:
Алматы мен Алматы облысы аймағында 26 мыңнан астам заңды тұлғалар және 720 мың жеке тұлғалар бар.
ЖҚКО – Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы(ЖҚКО).
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - Алматы қ. және Алматы облысындағы электр энергиясын жабдықтаушы.
«Алматы Электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қ. және Алматы облысы үшін электр энергиясы мен жылу өндіретін компания.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ) – Алматы қ. және Алматы облысындағы элекр энериясын табыстау мен тарату жөніндегі үлкен компания.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдар «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.
Байланыстар:
ЖҚКО директоры: Найзабек Олжабайұлы
Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы(ЖҚКО) This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,
тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05 ұялы тел.: +7 701 718 82 38
