Жаңалықтар
ХАБАРЛАНДЫРУ
- Толығырақ
- Жарияланды 31 Желтоқсан 2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шекті тарифтерді белгілеу туралы» 2009 жылдың 25 наурызындағы № 392 Қаулысына сәйкес, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап төмендегіэнергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына босату бағасын көтеретіні туралы хабарлады:
Солтүстіктегі энергия көздері - 8,8 теңгеге дейін (10%);
«Алматы электр станциялары» АҚ - 8,6 теңге (5%);
Жамбыл ГРЭС-і – 8,7 теңгеге дейін (2%).
Сонымен қатар, электр энергиясын «KEGOC» АҚ желілері арқылы тарату 33%-ға, «АЖК» АҚ өңірлік деңгей желілері арқылы тарату 4%-ға өсті. Сондай-ақ, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру 0,083 теңге/кВтсағ өсті, бұл алдыңғы бекітілген тарифтің 22%-ға өскені.
Электр энергиясының сатылу тарифінің негізгі бөлігін - нарықтағы бағасы құрайтындықтан, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясын тұтынушыларына тарифтің 7,5%-ға өзгеретінін хабарлайды. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласы және Алматы облысының тұтынушылары үшін төмендегі тарифтер қолданылады:
Электр энергиясын көлеміне қарай пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін дифференциалды тарифтер (12%-ҚҚС есептегенде)
- бірінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ. 15,43 теңге
- екінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ. 20,90 теңге
- үшінші деңгейлі тариф – 1 кВт.сағ. 26,13 теңге
Тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф, (12%-ҚҚС есептегенде)
Екі зоналы есептеу жүйесі бойынша:
күндізгі тариф (с 7-00 до 23-00) – 1 кВт.сағ. 22,33 теңге
түнгі тариф (с 23-00 до 7-00) – 1 кВт.сағ. 4,92 теңге
Үш зоналы есептеу жүйесі бойынша:
күндізгі тариф (7-00-ден 19-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 17,42 теңге
ең жоғарғы деңгейдегі тариф (19-00-ден 23-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 36,48 теңге
түнгі тариф (23-00-ден 07-00-ге дейін) – 1 кВт.сағ. 4,92 теңге
