2013 жылдың 22 қаршасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі аталып өтетін «Еңбек күні» мерекесі еңгізілген болатын.

Аталған мерекенің басты мақсаты - жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады.

Іс–шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Кәсіподақ Федерациясы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп аталмыш мерекенің жоспарын жасаған болатын.

Осыған орай, алғаш рет аталып өткен «Еңбек күні» мерекесі күні «АЖК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Үмбетов Мұхит және Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары-бас инженер Құлбаев Сәрсенбек сөз алып, барша ұжымды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, еңбекте жаңа табыстар және амандық тіледі. Сондай-ақ, істеліп жатқан және болашақта атқарылатын іс-жоспарлармен бөлісіп, өз пікірлерін білдірді. 

FaLang translation system by Faboba