Жаңалықтар
Энергетиктер алға!
- Толығырақ
- Жарияланды 09 Маусым 2014
«Алатау Жарык Компаниясы» АҚ – ның, Бәйтерек ауылында орналасқан оқу - дайындық полигонында, 2014 жыл мамыр айының 25-нен 27-не дейінгі аралықта 35кВ немесе одан жоғары ҚС пайдалану және бөлісу жұмыстары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі бойынша кезекті жарысы өтті. Жарыс мақсаты: - АЖК АҚ - ның қызметкерлерін жоғары техникалық - экономикалық көрсеткіштерге жету үшін жөндеу жұмыстар қызметкерлерін мобилизациялау, электрлік жабдық жұмысының сенімділігі және өндірістік жарақаттың төмендеуі болды. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды:
- бригадалардың жабдықталуын, құжат жұмыстарын, құрал-саймандар мен арнайы тетіктерді, қорғаныш құралдары мен жаңа жаңалықтарды тексеру;
- ПУЭ, ПТЭ, ПТБ, ППБ білімін және нұсқау талаптарын нақты орындау және жоғары сапалы электр жүйелерінде пайдалану және жөндеу жұмыстарын орындау бойынша ең күшті бригаданы анықтау;
- электр тоғына түскен жағдайда, зардап шегушіні босатып, медициналық алғашқы көмек көрсету; «Гоша» манекені.
- 10 кВ (ВМПП-10) майлы ажыратқышты ауыстыру және сипаттап беру;
- ВМ-35 кВ күнделікті жөндеуі. Майлы ажыратқышты С-35 кВ түсіре отырып, ПП-67 желісін ретке келтіру;
- ОД, КЗ 110 кВ желіні ретке келтіру және сипаттама беру;
- ВМТ-110 кВ күнделікі жөндеу, «В» кезеңінде май ауыстыру және азотты шығара білу;
- «А» кезеңіндегі бір бағананы көтеру арқылы ЛР-110 кВ күнделікті жөндеу;
- көрнекті кезең, Т-2 (2500/35/10кВ) өртті сөндіре білу.
Жарыс нәтижелері бойынша, бірінші орынды және 35кВ немесе одан жоғары ҚС пайдалану және бөлісу жұмыстары бойынша "Ең үздік бригада" атағын Қарасай ЭТА бригадасы жеңіп алды. Жүлделі орын алған барлық командалар құрмет грамоталарымен, медалдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жарыс барысында «Үздік шебер» және «Үздік электр слесарь» анықталды.
