«АЖК» АҚ Алматы қаласының орталық бөлігінде «Есентай» қосалқы стансасын іске қосты

 2014 жылдың 16 мамырында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 110/10-10/6 кВ «Есентай» қосалқы стансасын салтанатты түрде іске қосты.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов нысанды пайдалануға беру «Самұрық-Энерго» энергетикалық холдингінің 7 жылдығымен сәйкес келгенін атап өтті. Қуаты 126 МВА болатын №168А 110/10-10/6 кВ «Есентай» қосалқы стансасын пайдалануға беру арқылы, қаланың орталық бөлігінде 20-25 жыл келешегі бар жаңа тұтынушыларға жағдай жасалынбақ.

Жоба шеңберінде Алматы қаласында көшелерді эстетикалық жақсарту мен тығыз тұрғын үй аймағында электр өріснің ықпалын азайту мақсатында қуаты 110 кВ әуе жолы бағаналарын және ұзындығы 2,8 шақырым ОТБЖ-мен және бақылау жүйесімен кабель желісін жүргізу іске асырылды. Қосалқы стансаның құрылысы «Келешек Алматы қаласының 2010 жылдан 2020 жылға арналған электр қуаты сызбасының» негізінде жүргізілді. Алматы қаласы орталық бөлігінің тұтынушыларын электрмен жабдықтау ұлғайту мақсатына негізделеді. Құны 2,675 млрд. (ҚҚС-сыз) жоба 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның Индустрияландыру Картасы шеңберінде Республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылды.

2007-2013ж.ж. аралығында қалалық әкімшіліктің көмегімен 29 қосалқы станса салынды және реконструкцияланды. Жалпы қуаттың өсімі 3000МВА-дан асты.

Құрылыс барысында барынша отандық жеткізушілердің құрал-жабдықтары мен қызметтері пайдаланылып 39 % жетті. Жаңа қосалқы стансада «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ-да жаслаған өрт және жарылысқа жол бермейтін «SERGI» жүйесі, «Электр сервисі» ЖШС-да жасалаған ТБҚ 10 кВ-пен күш беретін трансформаторлар, өңдеу және құрылыстық материалдар орнатылған. Сонымен қатар Есентай» ҚС-да дүниежүзілік жетекші өндірушілердің жабдықтары, соның ішінде:

- SCADA системасы орнатылған, Швицариялық «ALSTOM» компаниясының элегаздық ажыратуы бар (КРУЭ-110 кВ) 110кВ-ты комплектілі таратушы құрылғысы, релелік қорғаныш пен автоматика шкафтары;

- Украиналық ПАО «Запорож трансфарматор зауытының» 16 МВА 10/6 кВ күш беруші трансформаторлары;

- Польшаның «MEDCOM» компаниясы өндірген жиі жылдам және ауыспалы токка арналған шкафтары. «Есентай» қосалқы стансасының құрылысымен мердігерлік мекеме «АБК Құрылыс-1» ЖШС айналысты.

 

 

Анықтама:

*              МВА - Мега Вольт Ампер

**            ОТБЖ – оптикалық-талшықты байланыс желісі

***          КРУЭ - комплектное распределительное устройство с элегазовой изоляцией

РҚА - реле қауіпсіздігі және автоматика

SCADA – ҚС автоматты басқару жүйесі

 

ЖҚКО – Алматы Энергокешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы.

 «Алматы Электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қ. және Алматы облысына жылу және электр энергиясын өндіруші компания. 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ)  – Самұрык-Энерго» АҚ-нің компаниялар тобына кіреді, Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына, өндiрiстiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге және ауылшаруашылық қожалықтарына электр қуатын жеткiзумен, сондай-ақ, таратумен айналысатын республика оңтүстiгiндегi ең iрi энергетикалық жүйе.

Жоғарыда аталған компаниялардың барлығы «Самұрык-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді, Қазақстан Республикасындағы көмір және энергетикалық кәсіпкерлікті басқарушы холдингілік компания. Компания тобына 23 мың адамнан аса қызметкерлер кіреді.

 

Байланыстар:

ЖҚКО директоры: Найзабек Олжабайұлы

Алматы Энергокешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы (ЖҚКО) This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,

www.esalmaty.kz

тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05

ұялы тел.: +7 701 718 82 38

FaLang translation system by Faboba